CSA Research тәуелсіз зерттеу агенттігі жариялаған The Top 100 LSPs in 2019 және The Top LSPs in Western Europe in 2019 ірі аударма компаниялары рейтингтерінің нәтижелеріне сәйкес, Janus Worldwide бүкіл әлем бойынша 45-орында және Батыс Еуропа бойынша 8-орында.
Janus Worldwide компаниясы Slator компаниясы әзірлеген The Slator 2020 Language Service Provider Index – әлемдегі ең ірі лингвистикалық қызметтер жеткізушілері рейтингінде 37 орынға ие және Leader санаты берілген.
Translation Rating зерттеу агенттігі дайындаған рейтингі бойынша Janus Worldwide компаниясы 2020 жылғы Ресейдің ірі аударма компаниялары рейтингісінде 1-орынды иеленді. Компаниялардың рейтингісі 2019 жылы профильдік қызмет көрсетуден түскен табыс көлемі бойынша жасалды. 2019 жылы Janus Worldwide компаниясының табысы 25,4 миллион долларды немесе 1,6408 миллиард рубльді болды. Осы көрсеткішке қарап компанияны нарықтағы көшбасшы деп айтуға болады.
Janus компаниясы 2006 жылдан бері ең ірі аударма компаниялары қауымдастығы — The Globalization and Localization Association (GALA) мүшесі болып табылады. Бұл қауымдастық аудармашылар қоғамдастығының мүдделеріне өкілдік етеді, инновациялық шешімдер мен стандарттарды әзірлейді, сонымен қатар өз мүшелеріне жаңа идеялар шығару және өзекті мәселелерді талқылау «алаңын» ұсынады. GALA қауымдастығы туралы толық ақпаратты www.gala-global.org сілтемесі арқылы көруге болады.
Across Systems GmbH
Janus 2005 жылдан бері Translation Memory — Across Systems GmbH класс жүйелері көшбасшы әзірлеушісінің стратегиялық серіктесі болып табылады. Компания Across Language Server бағдарламасын жұмыста белсенді қолданып қана қоймай, клиенттерге техникалық және консалтингтік қолдау көрсетеді.
Across Systems GmbH компаниясы Карлсбаде қаласындағы (Германия) штаб-пәтерімен аударма және локализация процесіне арналған технологиялық шешімдер әзірлеумен айналысады, ол Translation Memory класының жүйесін, технологияны басқару жүйесін, сонымен қатар аударма процесі аясында жобалар мен операциялар ағынын басқаруға арналған аспаптық құралдарды қамтиды.
Across Systems GmbH туралы қосымша ақпарат www.across.net сайтында қолжетімді.
MemoQ
Janus компаниясы өз жұмысында MemoQ бағдарламалық өнімдерінің біразын қолданады, олар жұмыс процесін айтарлықтай оңтайландыруға, жобаларды орындау жылдамдығы мен сапасын арттыруға және сәйкесінше клиенттердің қанағаттану және бейілділік дәрежесін арттыруға көмектеседі.
Қолданылатын бағдарламалық өнімдердің қатарына MemoQ Server аударма жобаралын басқару жүйесі, Qterm терминологияны басқару жүйесі және MemoQ Server жүйесін компаниядағы түрлі жүйелермен, соның ішінде өзінің жобаларды басқару жүйесімен біріктіруді жүзеге асыратын MemoQ API құралы кіреді.
MemoQ фрилансерлер мен аударма компаниялары үшін ең үздік бағдарламалық құрал болып табылады.
Толығырақ ақпарат алу үшін www.memoq.com веб-сайтына кіріңіз.
Janus Worldwide аударма компаниясы Мәскеудің, Санкт-Петербургтің, Нижний Новгородтың және Томскінің жетекші жоғарғы оқу орындарымен, сонымен қатар Аударма оқытушылары қауымдастығымен бірігіп жұмыс істейді. Конкурстық іріктеуден (анкета және тест) өткен студенттерге өндірістік немесе «аудармашы», «корректор», «жоба менеджері», «беттеуші», «тексеруші» бағыттары бойынша диплом алдындағы тәжірибеден өтуге мүмкіндік береді. Бұдан басқа Janus Worldwide жыл сайын үздік аударма конкурсын өткізеді және оның жеңімпаздары да компанияда тәжірибеден өте алады.
Тестіден жоғары нәтиже көрсеткен тәжірибешілер компанияда штатта немесе штаттан тыс жұмыс істеуге шақырылуы мүмкін. Білікті мамандарды жұмыспен қамтамасыз ету ¬– біздің алға қойған міндеттеріміздің бірі.
Janus Worldwide студенттер мен оқытушылар үшін түрлі өзекті тақырыптарға арналған авторлық білім беру семинарлары мен вебинарларын ұйымдастырып тұрады. Осындай офлайн және интерактивті кездесулердің қатысушылары Janus Worldwide компаниясындағы білікті мамандардың білімі мен тәжірибелері сияқты ерекше контентке қол жеткізе алады.
Сонымен қатар компанияның мамандары спикер не маман ретінде жоғары оқу орындарындағы және аралық ғылыми конференцияларға және білім беру іс-шараларына қатысып тұрады. Осыған орай біз академиялық қауымдастықпен өзара байланыс орнатудың жаңа түрлерін қарастырудамыз және әзірлеудеміз.
Аударма оқытушыларының қауымдастығы
Аударма оқытушыларының қауымдастығы (АОҚ) мен Janus Worldwide аударма компаниясы 2019 жылы серіктестік қарым-қатынас орнатты.
АОҚ — Ресейдегі аударма оқытушыларының кәсіби қауымдастығын құруды, сонымен қатар олардың кәсіби мүдделерін білдіріп, қорғауды негізгі мақсаты еткен коммерциялық ұйым.
АОҚ туралы толық ақпаратты translation-teachers.ru ресми сайтынан көруге болады.