Константин Иоселиани, президент және бас директор

1996 жылы Константин Иоселиани Janus Worldwide компаниясының негізін қалады. Компания аударма және локализация саласындағы жетекші ақпараттық технология компанияларында көп жылдық жұмыс тәжірибесі бар аударма және локализация сарапшыларын біріктірді. 2010 ж. Janus Worldwide компаниясы көрсетілетін қызметтерінің көлемі мен штаттағы қызметкерлер саны бойынша Ресейде жетекші компания болып танылды және Шығыс Еуропа бойынша үшінші орынды иеленді.

Константин 1994 жылы Германиядағы ең үздік ERP жүйелері мен бағдармалық шешімдер әзірлейтін SAP компаниясында штаттық аудармашы ретінде өз қызмет жолын бастаған болатын. Қысқа мерзімде Константин аудармашыдан ТМД және Балтық елдері бойынша аудармалар бөлімінің жетекшісі лауазымына дейін көтеріліп, барлық SAP бағдарламалық өнімдерінің локализациясын қадағалады. SAP компаниясында жұмыс істеген уақытта Константин аударма процесін ұйымдастыру, локализация технологиялары және басқарушылық шешімдер қабылдау саласында ауқымды білім мен тәжірибеге ие болды.

Локализация саласындағы 17 жылдық тәжірибесінің арқасында, сондай-ақ лингвистикалық және қаржылық білімінің арқасында (Мәскеу мемлекеттік лингвистикалық университетінің үздік дипломы және Ресей Федерациясы үкіметінің қарауындағы Қаржы академиясының дипломы) Константин компанияның жетекшісі әрі көшбасшысы болып, оның Ресейдегі және халықаралық нарықтағы даму стратегиясын анықтады.

Игорь Могилевский, вице-президент/қаржы директоры

Игорь Могилевский компанияның негізін қалаушылардың бірі және құрылтайшысы болып табылады. Игорь компанияның қаржылық, ақпараттық технология және DTP департаменттеріне жетекшілік етеді.

Ресейдің ірі компанияларында қаржы директоры ретінде жинаған үлкен жұмыс тәжірибесін Игорь Янус компаниясының ішкі ERP жүйесін жасауға жұмсады және соның арқасында ол жоба менеджерлері, сату жөніндегі менеджерлер, бухгалтерия үшін баға жетпес құралға, ал басшылық үшін өте пайдалы талдау құралына айналды.

1995 жылы Игорь Мәскеу коммерциялық университетін бітірді.

Дмитрий Молодык, бизнесті дамыту жөніндегі директор

Janus компаниясындағы ең бірінші қызметкерлердің бірі.

1999 жылы жобалар менеджері ретінде жұмысқа қабылданды.

2008 жылдан бері компанияның оперативтік жұмысын қадағалайды, жоба менеджерлерінің жұмысын қадағалайды және көптілді аудармалар департаментін басқарады.

Компанияның өндірістік инфрақұрылымын құруда, оның аймақтық кеңселерін ашуда және стратегиялық клиенттермен жұмыс істеуде маңызды рөл атқарды.

Localization World, LISA және Tekom сияқты түрлі салалық іс-шараларда бірнеше рет презентация жасады.

М. В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің филология факультеті, герман тіл білімі кафедрасының түлегі.

Светлана Меринова, маркетинг коммуникациялары жөніндегі директор

Светлана PR мәселелерімен айналысады және компанияның маркетингтік стратегияларын халықаралық және жергілікті нарықтарда жүзеге асыру үшін жауап береді.

Светлана Janus компаниясының ұжымына 2013 жылы қосылды. Ол жаңа клиенттерді тарту және компанияның бар іскерлік байланыстарын нығайту процестерін басқарады. Оның басшылығымен компанияның түрлі нарықтарда әрекет ету потенциалы мен келешегін бағалау, тұтынушылардың Janus компаниясы ұсынатын қызметтер туралы хабардар болу деңгейін арттыру, сондай-ақ компанияның маркетингтік іс-шаралары туралы статистикалық деректерді жинау және талдау жұмыстары жүзеге асырылады.

2007 жылы Светлана Мәскеу мемлекеттік облыстық әлеуметтік-гуманитарлық институтының шет тілдер факультетін бітірді. 2011 жылы Г. В. Плеханов атындағы Ресей экономикалық университетінде «маркетинг» мамандығы бойынша диплом алды.

Дмитрий Уланов, техникалық директор

Дмитрий Уланов Janus компаниясына 2008 жылдың басында бөлім басшысы болып қосылды және жұмысының алғашқы екі жылында ірі көлемдегі және техникалық жағынан күрделі жобаларды орындай алатын ең мықты өндірістік бөлімдердің бірін құрды.

2010 жылдың ортасында техникалық директор болып тағайындалған кезден бастап бүкіл компания ауқымындағы өндірістік технологиялар мен процестерді оңтайландырумен айналыса бастады.

Дмитрийдің жауапкершіліктеріне келесілер кіреді:

  • Машиналық аударма технологиялары және күнделікті өндірістік тапсырмаларды автоматтандыру
  • Ақпараттық портал және Janus веб-сайты
  • Ішкі аудит және компанияның Сапа менеджменті жүйесін жақсартуға қатысу

Дмитрий бағдарламалық жасақтама локализациясымен 1998 жылдан бері айналысып келеді және қазіргі уақытта бизнес және мультимедиалық қолданбалар мен компьютер ойындары саласындағы локализация, соның ішінде аударма, редакциялау, тестілеу, инженерлік жұмыстар, дыбыс жазу, аудио және бейне роликтердің монтажы бойынша жан-жақты тәжірибеге ие.

Мәскеу мемлекеттік қатынас жолдары университетінің инженер-экономист дипломына және TÜV SÜD берген СМК ISO 9001 ішкі аудитор сертификатына ие.

Максим Замедянский, штаттан тыс орындаушылармен жұмыс жөніндегі директор

Максим Замедянский компаниядағы жұмысын 2010 жылы көптілді жобалар бөліміндегі жоба менеджері ретінде бастады. 2010 жылдың қараша айынан бері Максим өз жұмысымен қоса көптілді жобалар бөлімінің жұмысын қамтамасыз ету үшін ресурстарды іріктеумен айналысты.

2011 жылы Максим PMBOK стандарты негізінде жобаларды басқару бойынша тренингтен өтті, ал 2012 жылы LuxSoft компаниясында жобаларды басқару бойынша қосымша тренингтен өтті.

2013 жылы Максим штаттан тыс орындаушылармен жұмыс жөніндегі директор лауазымында жұмыс істеуді бастады, ал қазір вендор-менеджмент бөліміне жетекшілік етеді.

Максимнің қызметтік саласы:

  • «уақыт», «сапа», «шығындар» параметрлері бойынша штаттан тыс орындаушыларды іздеу және жаңа іріктеу әдістемелерін ендіру;
  • түрлі ел өкілдерінің лингвистикалық-мәдени ерекшеліктерін ескере отырып, орындаушылармен қарым-қатынас құру.

Максим 2009 жылы Оңтүстік федералдық университеттің педагогикалық институтының лингвистика және әдеби шығарма факультетін үздік дипломмен бітірген.

Алёна Фёдорова, сапа жөніндегі директор

Алёна Фёдорова Janus компаниясына 2010 жылы көптілді жобалар сапасын бақылау бөлімінің басшысы ретінде қосылды. Бөлім жаңадан құрылды және сол кезде Алёнаның күрделі жобалар саласындағы локализация бойынша көпжылдық жұмыс тәжірибесі барынша пайдасын тигізді.

2011 жылдың наурыз айында сапа жөніндегі директор лауазымына ие болған кезден бастап Алёна компанияның сапа менеджменті жүйесін басқарады, күрделі жобалық жағдайларды талдауға қатысады, сапа туралы шағым жасалған кезде компанияның клиенттерімен келіссөздер жүргізеді, сертификаттау органдарымен жұмыс істейді, құжаттама жүргізеді.

Қазіргі уақытта Алёна жалпы сапаны бақылау қызметімен қатар, сапаны бақылау бөліміне жетекшілік етеді.

А. И. Герцен атындағы Ресей мемлекеттік педагогикалық университетінің шет тілдер факультетін бітірген. 2011 жылы «ISO 9001:2008 стандартына сәйкес сапа менеджменті жүйесін құру және әзірлеу» курсын аяқтап, емтиханнан өткені туралы TÜV SÜD Russland сертификатын алды. Ағылшын және испан тілдерін меңгерген.

Светлана Спиридонова, қызметкерлер жөніндегі директор

Светлана қызметкерлерді басқаруға және компанияның стратегиялық мақсаттарына сәйкес кадрлар потенциалын дамытуға, соның ішінде қолданыстағы кадр резервін дайындауға, сонымен қатар қызметкерлерге әлеуметтік және мотивациялық бағдарламалар әзірлеуге жауапты.

Ол Janus компаниясының ұжымына 2010 жылы қосылды.

Светлана М. В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің филологиялық факультетін бітірді. 2009 жылы «Экономика жоғары мектебі» мемлекеттің университетінде «кадрлық менеджмент» мамандығы бойынша диплом алды.