Оқыту материалдарының локализациясы

Көптеген зерттеулердің нәтижесі бойынша, жұмысшыларды оқыту оларға жаңа білім мен қабілеттер беруге ғана емес, оларды компанияда ұстап қалуға да мүмкіндік береді.

Оқыту материалдарының мәтіндерін аударғанда аса маңызды фактор – ұсақ-түйектерге мән беру. Мысалы, денсаулық және қауіпсіздікті қорғау процедураларының сипаттамасын немесе медициналық оқу-әдістемелік нұсқауларын қате аудару қайғылы нәтижеге әкелуі мүмкін.

Janus компаниясында сапаны бақылауға жоғары мән беріледі: көп деңгейлі жүйе кез келген қатенің және кемшіліктің алдын алуға және соңғы өнімнің айрықша сапасын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

e-Learning курстарының локализациясы

Алдыңғы қатарлы зерттеу орталықтарының деректеріне сүйенсек, 2017 жылдың соңына қарай электрондық оқыту өнеркәсібінің бюджеті шамамен 47 миллион долларды құрайды, ал өз бетінше оқуға арналған e-Learning курстарына деген сұраныс үздіксіз артып отыратын болады.

 Janus компаниясы e-Learning курстарын 80-нен астам тілге аударуда мол тәжірибеге ие. Компания мамандары алуан түрлі жобалармен жұмыс істейді, олардың ішінде бағалау бағдарламалары, онлайн-тестілер, психометриялық тестілеулер, компьютерлік оқыту бағдарламалары және т.б.

 e-Learning курстары аудио, бейне, кескін және мәтін секілді бірқатар элементтен тұрады. e-Learning курсын локализациялау жобасы аясында Janus компаниясының мамандары:

  • берілген тақырып мамандарын тарта отырып, сценарий мен мәтіндерді аударады;
  • дыбыстық жазба жасайды;
  • локализация бойынша инженерлік жұмыстарды орындайды;
  • анимацияны синхрондайды;
  • интерактивті слайдтар мен викториналарды локализациялайды;
  • локализациядан өткен курстарды функционалдық және лингвистикалық тестілеуден өткізеді.

Тапсырманы жүзеге асыру үшін арнайы бағдарламалық жасақтама қолданылады: CourseLab, Adobe Captivate, Articulate Studio және Articulate Storyline.

Барлық қызметтер топтамамен де, жекелей де көрсетіледі.