Маркетингтік және жарнамалық материалдардың аудармасы — ерекше қарым-қатынас пен қабілеттерді қажет ететін сала. Бұл мәтіннің айрықша «сезімтал» түрі. Мұнда аударма мәтіні бастапқыда сол тілде жазылғандай естілуі керек. Маркетингтік хабарламаның мағынасын жарқын және креативті лингвистикалық пішінде толық жеткізе алу үшін шығармашылық әдіс, тілді мінсіз қолдана білу және едәуір үлкен жұмыс тәжірибесі қажет.

Сондықтан Janus компаниясында қызметтердің дәл осы түріне маманданған аудармашылар мен редакторлар, сондай-ақ маркетингтік бейімдеу мамандарының жеке тобы жұмыс істейді.

100-ден астам елдерде ресурстары және Европа мен Азияны қамтитын тәжірибелі өндірістік командалары бар Janus компаниясы өз клиенттеріне «Маркетинг» бағыты бойынша лингвистикалық қызметтердің толық шеңберін ұсынады.

Біздің мүмкіндіктеріміз:

  • маркетингтік кітапшаларды және журнал мақалаларын аудару;
  • корпоративтік веб- жәнепромосайттардың локализациясы;
  • бренд атауларының кері мағыналы коннотацияларын бағалау;
  • жарнама материалдарын және көркем бейнефильмдерді аудару;
  • копирайтинг;
  • жарнама материалдарының (мәтіндердің, ұрандардың, бренд атауларының, т.б.) транскреациясы (маркетингтік бейімдеу);
  • көптілдік SEO-оңтайландыру.

Онлайнсауда (eCommerce)

Электрондық коммерция саласы белсенді дамуын жалғастыруда. Бұған тұтынушылардың интернет-дүкендерде сауда жасауға қызығушылығының және сатылым көлемінің артуы куә.

Бөлшектік және электрондық сауда саласында көптеген клиенттермен жұмыс істеу арқылы Janus компаниясы тұтынушылармен тиімді әрекеттесудің маңыздылығын түсінеді. Компания мамандары жоғары деңгейлі кәсіпқойлар болып табылады. Олар кез келген тақырыптағы, түрлі форматтағы материалдарды көзделген аудиторияның мінез-құлқын және басқа ерекшеліктерін ескере отырып, тұтынушыларға тиісті әсер ету үшін әрі қойылған мақсаттарға жету үшін байланыс әдісін осыған сәйкес бейімдеу арқылы сапалы аударады.

 

eCommerce бағыты аясында клиенттерге көрсетілетін қызмет түрлеріне маркетингтік және жарнама материалдарын аудару, SMM-белсенділіктің, қосымшаларды іздеу жүйелеріне және қосымшалар дүкендеріне көптілдік оңтайландыру, веб-сайттар мен мультимедиа материалдарының локализациясы, транскреациясы (маркетингтік бейімдеу), көптілдік SEO-оңтайландыру, контент жасау, лингвистикалық және функционалдық тестілеу және т.б. жатады.

Жобалармен жұмыс істеуге қажетті тақырыптарда терең білімі мен мол жұмыс тәжірибесі бар тар шеңберде маманданған аудармашылар және редакторлар тартылады.