«Қаржы және құқық» бағытының аясында Janus компаниясының мамандары құжаттардың келесі типтерін аударады:

  • банк құжаттары (кепілдеме, банк кепілдігі келісімдері, несие келісімдері);
  • қаржы құжаттары (қаржы сараптамасының есептері, басқару есептері, инвестициялық құжаттама);
  • бухгалтерлік құжаттар (сметалар, аудитор қорытындылары, салық және қаржы есептері);
  • сақтандыру құжаттары (сақтандыру келісімдері, сақтандыру полистері және есептері);
  • іскерлік құжаттар (өткізу жоспарлары, шешімдер, көрсетілімдер, коммерциялық ұсыныстар, бизнес-жоспарлар);
  • тендерлік құжаттар;
  • заңнамалық және нормативтік актілер;
  • құрылтай және жарғы құжаттары;
  • лицензиялар, сенімхаттар, реестрлік үзінді көшірмелер;
  • сертификаттар, куәліктер, хаттамалар және өзге құжаттар.

Janus компаниясы құжаттардың барлық түрінің аудармасына қатысты толық құпия сақталатынына кепілдік береді.

Жобалармен жұмыс істеуге заңгерлік және қаржы тақырыптарында маманданған (соның ішінде ана тілімен жұмыс істейтін), қажетті терминологияны терең меңгерген және жұмыс тәжірибесі мол аудармашылар мен редакторлар тартылады.

Жоғары санатты мамандар тобы, клиентке бағытталған әдіс, жоғары деңгейлі сервис, 24/7 режиміндегі қолжетімділік, бүкіл әлемге таралған кеңселер желісі лингвистикалық тапсырмалардың белгіленген мерзімде және сапаға қойылған барлық талаптарды орындай отырып, табысты шешілуін қамтамасыз етеді.