Janus компаниясы күнделікті сұранысқа ие және кеңінен тұтынылатын тауарларды өндіретін компанияларға лингвистикалық және ілеспелі қызметтерді көрсетіп келеді. Мұндай тауарлардың құны төмен, тез сатылады және қысқа мерзім ішінде қолданылады.

Осы салаға жататын компаниялар арасында сатып алушыларды тартуда үлкен бәсекелестікті байқауға болады, сондықтан олар үшін сатып алушыларды жаңа өнімдермен, ассортименттік орналасымдармен, түрлі жарнамалық кампаниялармен және маркетингтік әдістермен тарта отырып, оларды үнемі таң қалдыру және жаңа нарыққа шығу аса маңызды болып саналады. Осының барлығы жарнамалық және маркетингтік материалдарды, промосайттарды, мобильді қолданбалар мен ілгерілетудің өзге де құралдарын аудару мен локализациялауда, жарнамалық слогандарды, сауда белгілері мен брендтерді транскреациялауда, сонымен қатар қажетті құжаттамаларды аударуда және дизайн, беттеу, бизнесбасып шығару, лингвистикалық және функционалдық тексеру, көптілді SEO оңтайландыру секілді ілеспе қызметтерде қажеттілік артты.

Біздің клиенттеріміз:

  • L’Oreal
  • Estée Lauder
  • Amway
  • IKEA