2006 жылдан бастап компаниямыз компьютерлік ойындарды локализациялау саласында мәтіндік аударма мен дыбыстауды жазудан бастап, түрлі платформаларда лингвистикалық және функционалдық тестілеуге дейін қызметтердің кең ауқымын ұсынып келеді. Janus компаниясы ойын индустриясы саласындағы кең ой-өрісі мен аударма саласындағы жоғары деңгейлі кәсіби шеберлікті біріктіре отырып, кез келген жанрдағы ойынға жоғары сапалы локализацияны қамтамасыз ете алады.

Біз 80-нен астам тілге аудара аламыз, себебі кеңсесі әлемнің тоғыз қаласында орналасқан Janus компаниясы – Шығыс Еуропадағы аударма және локализация қызметін көрсететін ірі компаниялардың бірі.

Біз ойын өнімін әзірлеуші немесе басып шығарушы болсын, ресейлік те, шетелдік те клиенттермен жұмыс істейміз. Компаниямыз алдымен клиентке бағытталған және жоғары сапалы жұмыс пен орынды бағаға ғана емес, толық құпиялылыққа да кепілдік береді.

Біз 100 000 сөзден асатын ірі жобалармен де, қысқа мерзімге берілген 1-2 мың сөзден тұратын күнделікті тапсырмаларды қамтитын әлеуметтік және мобильді ойындарға үнемі лингвистикалық, оның ішінде тапсырыс берушінің онлайн жүйесі арқылы қолдау көрсетуде де жұмыс тәжірибеміз бар.

Платформы, с которыми мы работаем:

Консольдер

Мобильді құрылғылар

Компьютер

Microsoft Xbox
Sony PlayStation
Nintendo
Android
iOS
BREW
Symbian
Microsoft Windows
MacOS