Тіпті үздік жобаларда да қате кетпейтініне және олқылықтар болмайтынына кепілдік жоқ. Функционалдық тестілеу бағдарламадағы қателіктерді бета-тестілеу кезеңінде де, ойын өнімі шығарылғаннан кейін де анықтауға және түзетуге көмектеседі.

Тапсырма үлгісі
Тапсырыс беруші: танымал «шутер» (атыс) жанрындағы ойындарды әзірлеуші.
Тапсырма: жауынгерлік роботтарды төбелестіру туралы көп пайдаланушыға арналған ойынды локализациялау және тестілеу.
Процесс: ойын бойынша жұмыста аударудан бастап бета-тестке дейінгі барлық кезең қамтылады. Әр кезеңде тиісті мамандар жұмылдырылды. Ойын танымал консольдік платформаға арналған, сондықтан оның спецификалық ерекшеліктерін ескеріп, тиісті техникалық құралдарды пайдалану керек болды.
Нәтиже: біз ойынды бірнеше тілге локализациялап қана қоймай, өнімге қызығушылық білдірген ойыншыларды тестілеушілер ретінде тарта отырып, бета-тестілеудің барлық кезеңінен өткіздік. Біздің компания ойындағы қателерді бірнеше ай бойы іздей отырып, техникалық қолдауға арналған материалдарды да аударды.