Аударма — кез келген локализацияның алғашқы қадамы ғана. Жұмыстың айтарлықтай бөлігі тексерушілердің, редакторлар мен корректорлардың үлесіне тиеді. Аударма ойын кеңістігіне түсіп, экранға шыққан кезде ғана оның ойын интерфейсі талаптарына және автор ойына қаншалықты сай келетінін тексеруге және тиісті түзетулерді енгізуге болады.

  • Көптеген көркем әдеби мәтіндегі секілді, дәл аударма әрқашан дұрыс аудармаға тең келмейді. Нақты бір ойынның контексін, сленгін және спецификасын білу аударманың «достық сезімін» арттыруға мүмкіндік береді. Көптеген ойын әлемінде өзіндік глоссарийі және қатаң белгіленген терминдер жинағы қалыптасқан, сондықтан аудармашы сол не өзге сөзді аудару керек не керек емес екенін, оны транслитерациялау не қандай да бір қалыптасқан аударманы пайдалану керек не керек емес екенін білуге міндетті. Аударманың сәл де болса дәл болмауы ойынға шын берілген фанаттар тарапынан қатаң әрі әділ сынға әкелетіні сөзсіз.
  • Ойын мәтіні әрқашан интерфейске енгізілетіндіктен, лингвистикалық тестілеу кезінде аударманың берілген жақтауларға қаншалықты сәтті түскенін тексеру маңызды болып саналады. Термин экранда жақсырақ әрі түсінікті болып көрінуі үшін, көбіне сол немесе өзге терминді бейімдеу керек болады.
  • Аударып, ойын интерфейсі бойынша бейімдегеннен кейін, көркем әдеби мәтінді мақсатты аудиторияға түсінікті ету немесе маңызды, бірақ сипаттаманың не диалогтың бұрын айқын емес элементін ерекшелеу үшін, бұрынғыша оны қосымша өңдеу қажет болады.
  • Бағдарламадан қате табу жеткіліксіз, бастысы – оны дұрыс белгілеп, редакторға түсіндіру керек. Ол үшін біз Jira, Bugzilla, GNATS және т.б. секілді қатені бақылау жүйелерін қолданамыз.

Тапсырма үлгісі

Тапсырыс беруші: америкалық ірі әлеуметтік ойындар әзірлеушісі

Тапсырма: танымал супер қаһармандардың шытырман оқиғаларына арналған 5 тілдегі әлеуметтік ойынға бір ай ішінде лингвистикалық тестілеу жүргізу.

Процесс: тапсырманы орындау үшін Android мобильді құрылғысы қолданылды және компания кеңсесінде тестілеу жүргізу үшін тәжірибелі тестерлер – сол тілде сөйлеушілер іріктеліп алынды. Тапсырманы орындау барысында толық құпиялылық сақталды. Тапсырыс берушімен арадағы сағаттық белдеудегі айырмашылыққа, ойынды әзірлеушілер тарапындағы техникалық мәселелерге және жаңартылған нұсқалардың келу мерзімінің ауысуына қарамастан, тестілеушілердің жұмыс кестесін оңтайландырып, тапсырманы уақытында орындай алдық.

Нәтиже: бірнеше кезеңнен тұратын аралық бақылаудан өте отырып, біздің команда жұмысты мерзімінен бұрын тапсырды. Қателерді анықтау мен түзетуден бөлек, локализацияны оңтайландыру бойынша бірнеше ұсыныстар жасалды.