Өз аймағында танымал болған көптеген ойындар тілдік кедергінің салдарынан әлемдік нарыққа шыға алмайды. Ойыныңыздың бірнеше тілге аударылғанын және әлемнің түкпір-түкпіріндегі ойыншылар оны рахаттана ойнағанын қалайсыз ба? Әлде белгілі бір мемлекеттің нарығына шығу үшін оны нақты бір тілге (оның ішінде орыс тілі) аудару қажет пе? Біздің компаниямыз өніміңізді бір тілге де, бірнеше тілге де аударып бере алады. Біздің түрлі жанрдағы ойындармен жұмыс істеуде тәжірибеміз бар: стратегия, симулятор, атыс, квест, МОВА және т.б. Бізге мобильді және әлеуметтік ойындарды да, ААА класындағы клиенттік өнімдерді де локализациялауға тапсырыс береді.

  • Ойын жобалары арнайы лексикаға толы. Терминдердің біркелкілігін сақтау және контексті дәл жеткізу үшін, компаниямыз инженерлік құралдар көмегімен глоссарийді берілген мәтіннің, сонымен қатар осы жоба бойынша дайын аударманың (егер бар болса) негізінде жасайды.
  • Ойын мәтіні ойын интерфейсіне тығыз байланысты. Аударылатын контентте қызметтік таңбалар мен айнымалылар үнемі кездесіп отырады. Аудармашы оның рөлі мен мақсатын толық түсініп, сөйлемде тиісті түрде қоюға міндетті. Бұл айнымалы сөздердің, суреттердің, белгішелер мен сілтемелердің жалпы мәтінге қойылуынан туындаған септік пен қосымшалардың сәйкессіздіктерінің алдын алуға көмектеседі.
  • Кейде тіпті мықты аудармашының өзі ойынды көрмей және пайдаланбай, ойын мәтінін тиісінше аудара алмайды. Аудармашылармыздың өздері геймерге айнала отырып, түпкі деректермен танысып, ең соңғы аударманы қарапайым ойыншыға ыңғайлы етіп жасайды.
  • Компаниямыз ойынды дыбыстау қызметтерін ұсынады: сөз тіркесінің ұзындығына шектеу қойылмаған «еркін» дыбыстау, қатаң белгіленген ойнату уақытымен дыбыстау немесе артикуляцияны сәйкестендіре отырып диалогтарды толық дубляждау. Жазуға дайындық аударма және өңдеу кезеңінде-ақ жасалады. Компаниямыздың әртістерді іріктеу және студиялық сапамен түрлі тілдерде дыбыс жазу бойынша жұмыс тәжірибесі жеткілікті.
  • Локализациялау кезінде кәсіби техникалық құралдар мен MemoQ, Trados және Across секілді бағдарламалық құралдарды пайдаланамыз.

Тапсырма үлгілері

Тапсырыс беруші: MMORPG жанрындағы қытайлық үздік ойындар әзірлеушісі.

Тапсырма: жауынгерлік өнер шеберлігі туралы көппайдаланушылық ойынның қосымшасын аудару. Көлемі – 400 000 иероглиф.

Процесс: компаниямыз үлкен ойын тәжірибесіне ие аудармашылар мен редакторлар командасын іріктеп алды, олардың бір бөлігі ойынның негізгі контентін аударуға қатысқан. Жұмыс көлемі ондаған аудармашыға үлестірілді және редакторлар олардың аудармаларын біркелкі стильге келтірді. Терминология реттілігі инженерлік құралдар көмегімен корректура кезінде тексерілді.

Нәтиже: аударма бір ай ішінде жасалып, тапсырыс берушінің аралық бақылауының үш кезеңінен өтті. Ойын мәтінінде ежелгі қытай мәдениетіне де, қазіргі заманғы қытай жазушыларының шығармаларына да көптеген сілтеме жасалған. Жобаға дайындық кезеңінде аудармашылар кітаптармен-түпкі деректермен және олардың экранизациямен, сонымен қатар Ежелгі Қытай тарихы, діні және мәдениеті туралы еңбектермен танысып, контексті мұқият зерттеді.

Тапсырыс беруші: танымал ресейлік рөлдік және стратегиялық ойындар әзірлеушісі

Тапсырма: МОВА элементтері бар кросс-платформалық рөлдік ойындарды түрік және поляк тіліне локализациялау. Көлемі – 50 000-нан астам сөз.

Процесс: компаниямыз аудармаға тиісті глоссарийлер мен терминдер сөздігін әзірлей алған, ойынға шын берілген жанкүйерлер қатарынан тәжірибелі аудармашыларды тартты. Тіпті жаңа жылдық мерекелер кезінде де жұмыс тоқтамады.

Нәтиже: ойын контентін аударумен қатар, ойын сайты да аударылды.