Сонау 1996 жылы Janus компаниясы бағдарламалық құралдарды локализациялау және техникалық құжаттарды аудару саласындағы алғашқы жобаларын орындап бастады. Содан бері біз үшін IT саласы әр түрлі деңгейдегі қиын тапсырмаларды шешуге қауһарлы, өзімізді нағыз кәсіби маман сезінетін сала болып келеді. Компаниямыздың бірегей тәжірибесінің және осы саладағы технологиялар мен тенденцияларды тереңнен түсінудің арқасында көптеген жетекші ақпараттық технология компаниялары біздің тұрақты тапсырыс берушілерімізге айналды.

Тек бағдарламалық құралды локализациялаумен және ақпараттық технологиялар саласындағы аудармалармен айналысатын біздің мамандандырылған IT бөліміміз бастапқы файлдарды әзірлеуге, пайдаланушы интерфейсін локализациялауға, анықтамалар мен пайдаланушы нұсқаулықтарын аударуға, сонымен қатар локализацияландырылған материалдардың жұмысын тексеруге және ең соңғы салалық стандарттарға сәйкес сапаны бақылауды қамтамасыз етуге дайын.

Сондай-ақ ,біз ақпараттық технологиялар мен телекоммуникациялар индустриясындағы клиенттерге маркетингтік материалдарды және баспасөз хабарламаларын ең жоғары сапада аударуды ұсынамыз.

Біздің клиенттеріміз: