Janus компаниясы әр түрлі өндірістік және өнеркәсіптік кәсіпорындарға аударма қызметін ұсынады: химия және машина құрастыру компаниялары, электр техникаларын өндірушілер және аспаптар жасау зауыттары. Осы сектордағы 16 жылдан астам тәжірибе лингвистеріміздің саланы меңгергенін және техникалық мәтіннің мағынасын түсіне отырып, терминдерді дәл қолдана отырып аудара алатынын көрсетеді.

Клиенттеріміз секілді біз де әрбір нәрсеге бей-жай қарамаймыз: аударма бірнеше сапаны бақылау кезеңінде мұқият тексеріледі. Сонда ғана біз: «Иә, мұны біз аударғанбыз», – деп мақтанышпен айта аламыз. Аударуға кіріспес бұрын клиенттің талаптарын егжей-тегжейлі анықтау, сонымен қатар ISO 9001 және ISO 17100 стандарттарының бекітілген процестерін қатаң сақтау жоғары сапаға және аударманың уақытылы орындалуына кепілдік береді.

Штаттық және штаттан тыс лингвистерді іріктеудің алдыңғы қатарлы әдістемелерімен және кіріктірілген сапа менеджменті жүйесімен бірге, Janus компаниясының аударма жобаларын басқарудың бірегей концепциясы кез келген көлемдегі және кез келген деңгейдегі аударма жұмыстарын сәтті орындауға мүмкіндік береді. Бұл ретте біздің процестеріміз өте айқын: клиентке жобаның қай кезеңде екенін, ол кезеңнің неге арналғанын және оның жұмыс тапсырылатын ақырғы мерзімге қалай үйлесетінін айтуға әрқашан дайынбыз.

Біздің клиенттеріміз — ірі өндірістік және өнеркәсіптік кәсіпорындар: