Мамыр айындағы мерекелердің қарсаңында Janus компаниясы мультимедиа бөлімінің мамандары өте шұғыл әрі күрделі жобаны жүзеге асырды. Тапсырманың мәні дауысты айырып танитын қолданбалардың бірін тестілеу үшін сөздерді жазып алу болды. Жазуды Android жүйесінің кем дегенде 4.2 нұсқасы орнатылған мобильді құрылғыда арнайы қолданбаның көмегімен орындау керек болды. Жазбалардың көлемі — 80 сағат.
Жұмысты орындауға небәрі бір тәулік берілді: тапсырыс беруші тапсырманы 7 мамыр, сәрсенбі күнінде мәлімдеді, материалдарды 8 күні таңертең жіберіп, тапсыратын уақытты 8 мамырдан 9 мамырға өтетін түннің ортасына белгіледі.
Орындаушы ретінде шұғыл түрде 50 үміткер іріктеліп, олардың ішінен ең үздік 20 адам таңдалды. Оларға техникалық қолдау ұйымдастырылды. Қандай да бір себеппен таңдалған 20 орындаушының бірі жұмысын жалғастыра алмаса, оның орнына бастапқы ресурстар қорынан басқа қызметкер тағайындалды. Соңғы орындаушы түнгі сағат бірдің кезінде мақұлданғанына қарамастан, ол жұмысын уақытында аяқтап үлгерді және материалды тапсырыс беруші орнатқан мерзімде тапсыра білді.
Осылайша, біздің мамандарымыздың екпінді жұмысының арқасында жоба дәл уақытында және тапсырыс берушінің барлық техникалық талаптарына сай тапсырылды.