Қазақстандағы «Янус» компаниясының өкілдігі көктемде 8-ші туған күнін атап өтті. Осы жағдайға байланысты корпоративтік іс-шара өтіп, әріптестер еркін жағдайда отырып, астары дәмді мейрамханада уақыттарын керемет өткізді.
Алматыдағы өндірістік кеңсе 2009 жылы ашылған және сол уақыттан бері Орталық Азияның барлық дерлік тілдеріне жазбаша аударма қызметтерін әртүрлі тақырыптар (ақпараттық технология, телекоммуникациялар, байланыс, автомобиль өнеркәсібі және машина жасау, физика және химия, биология және медицина, мұнай-газ саласы, маркетинг, қаржы, юриспруденция және т.б.) бойынша көрсетіп, басқа лингвистикалық қызметтерді сәтті көрсетіп келеді. Қазақ өкілдігінің штатында өте кәсіпқой аудармашылар және редакторлар жұмыс істейді. Бұл ең күрделі тапсырыстарды максималды түрде тиімді және сапалы орындауға мүмкіндік береді.
Қазақстандағы өкілдіктің 2016–2017 жж. жұмыс істей бастаған жаңа клиенттерінің қатарында RMG by Honeywell, Berlin-Chemie, ThyssenKrupp және Tecnomare бар.
Өкілдіктің ағымдағы жылдағы жоспарлары — негізгі тапсырыс берушілерді сақтау және дамыту, «ақпараттық технология» және «телекоммуникациялар» бағыттарындағы сауда-саттықты, сондай-ақ нүктелік маркетингтік пен PR-белсенділікті дамыту.