Ресейдің тарихындағы бірінші қысқы Олимпиада ойындары Сочи қаласында 2014 жылдың 7 ақпанында басталады.
Еліміз үшін өте маңызды оқиғаның жолында, соның ішінде лингвистикалық қызмет саласында да орасан зор жұмыс атқарылды.
Сочи қаласындағы ХХII қысқы Олимпиада ойындарында лингвистикалық қызмет көрсету жұмыстары 2010 жылы басталды. Осы төрт жылдың ішінде біраз жұмыс атқарылды.
Компания алдында Ұйымдастырушы комитеттен келетін сұрауларды өңдеудің ең тиімді әдісін таңдау міндеті тұрды. Тапсырыс берушіге қолайлы болуы үшін, техникалық бөлім корпоративтік порталдың негізінде тапсырыстарды басқару және сапа менеджменті жүйесін әзірледі және «Сочи 2014» ұйымдастыру комитеті оның Janus компаниясымен жұмыс істеудегі артықшылықтардың бірі болғанын атап өтті.
Мәселелерді нақты уақыт режимінде шешу және ауызша, жазбаша аудармаларды жылдам орындау мақсатында «Сочи 2014» ұйымдастыру комитетінің аумағында тұрақты түрде біздің төрт қызметкер отырған имплант-кеңсе ашылды. Олимпиададағы лингвистикалық қызмет шеңберінде Janus компаниясы тапсырыс берушінің өкілімен бірге барлық жобаларға орындаушыларды іріктеді.
Біздің қызметкерлер ұйымдастыру комитетінің терминология саласындағы мамандарымен бірлесіп, спорттық терминдердің ағылшын-орыс тілдеріндегі жалпы терминологиялық глоссарийін әзірледі. Оны құрастырудағы негізгі қағидалар — аударманың дәлдігі және редакторлардың ұқыпты жұмысы, соның ішінде спорттық федерациялардың қызметкерлерінен кеңес алу болды, нәтижесінде ұсынылған терминология аудармашыларды спорттық іс-шараларға дайындау кезінде тиімді түрде қолданылды.
Аударма жасаудан басқа, Janus компаниясы мен ұйымдастыру комитеті бірлесіп, аударма нарығындағы елеулі іс-шаралар қатарына кірген бірнеше іс-шараны өткізді. 2012 жылы Сочи қаласында «Сочи 2014: аударма мәселелері» атты екінші форум өтті. Форумның ұйымдастырушылары — Сочи қаласындағы 2014 жылғы XXII қысқы Олимпиада ойындары мен XI қысқы Паралимпиада ойындарының ұйымдастыру комитеті және Janus компаниясы.
Бұл іс-шараға әртүрлі қалалардан (Лондон, Исламабад, Джакарта, Бейжің, Атланта, Барселона, Киев, Мәскеу, Санкт-Петербург, Калининград, Сочи, Ханты-Мансийск, Челябинск және т.б.) 300-ден астам адам қатысты. Форумның барысында Ойындар аудармасының түрлі салаларына қатысты көптеген мәселелер қарастырылды. Ойындарды дайындау және жүргізу барысында аударма менеджментін жүзеге асыру, ауызша және жазбаша аудармашылардың, лингвистикалық ерікті көмекшілердің жұмысы, т.б. тақырыптар талқыланды.
Ал ең бастысы, әрине, аудармалар! Сонымен, «ақ» Олимпиада цифрлармен.
2010 – 2013 жж:
Жазбаша аударма: 31 миллион сөз.
Ауызша аударма: 170 іс-шара.
2014 жыл (тек Олимпиада ойындары барысында):
Жазбаша аударма: 4 миллион сөз.
Ауызша аударма: 700 іс-шара.
Осындай аса күрделі жұмысты біздің әріптестер орындады. Алдымызда жұмыстың ең жауапты сатысы — ХХII қысқы Олимпиада ойындары!