«Janus» компаниясы Across System GmbH компаниясымен сегіз жылдан астам қызметтесіп келеді. Across зерттемелері ресейлік нарықта өздерін жақсы жағынан көрсетті. Across Language Server компанияның базалық өнімі болып табылады және аударма жобаларын жүргізумен байланысты барлық процестерді жетілдіруге септеседі.
Бұл бағдарламалық өнімнің сөзсіз артықшылығы ‒ бір жадты пайдаланып бір жобада бір уақытта жұмыс істейтін аудармашылар мен корректорлар командасын жасау мүмкіндігі. Бұған қоса бағдарлама клиенттің тілектеріне сай алдын ала келісілген терминологияны сақтауға мүмкіндік береді. Across Language Server сапаны қамтамасыз етуге, тапсырыстарды басқаруға және оларды орындау мерзімдерін бақылауға мүмкіндік береді.
Бұл case-study ішінде «Janus» және Across компанияларының ынтымақтастығының тарихы, осы жүйе арқылы жобаларды жүзеге асырудың ерекшеліктері және оны ары қарай қолданудың келешегі егжей-тегжейлі сипатталған. Материалдармен мына жерде толығырақ танысуға болады.