Janus Worldwide компаниясы біліктілігі жоғары кадрлар дайындау жөніндегі ұзақ мерзімді мақсатты саясат жүргізуде, себебі қызметкерлер негізгі актив болып табылады. Janus Worldwide стратегиялық даму жөніндегі директоры Питер Смит желтоқсан және қаңтар айларында компанияның аккаунт-менеджерлері мен басшылары үшін оқу сабақтары сериясын ұйымдастырады. Мақсатты аудитория үшін маңызды тақырыптар қарастырылатын үш семинар жоспарланған.
Бірінші сабақ 7 желтоқсанда сәтті өтті. Семинарда келесі тақырыптар түсіндірілді: бәсекелі орта, негізгі факторлар мен нарықтағы тенденциялар, клиенттер мен білікті орта динамикасы, қауіптер мен оларды бағалау, клиенттердің қажеттіліктері, айнымалы факторлар (клиенттер не және қалай сатып алады және басымдықтарды қалайша қояды), клиенттер аутсорсингінің модельдері және тағы басқалар.
Желтоқсанның екінші жартысында өтетін серияның екінші семинары аясында Питер қатысушыларға таргетинг, мүмкіндіктерді анықтау, дамыту және кеңейту, клиенттермен жұмыс жоспарлары, іскери белсенділікке тоқсандық шолулар, метрикалар, технологиялар (оның ішінде, GTP, Express және машиналық аударма туралы) және аккаунт-менеджерлерге пайдалы әртүрлі аспаптар туралы айтып береді.
Осы оқу курсы аясындағы үшінші, ақырғы сабақ 2018 жылдың қаңтарында өтеді. Семинарда бизнес, маркетинг, қоғаммен байланысты дамытуға қатысты мәселелер, демеушілермен жұмыстар және т.б. қозғалады, сондай-ақ әртүрлі бизнес-кейстер қарастырылады. Алынған теориялық білімдерді тыңдармандар іскери ойынға қатысу арқылы тәжірибеде бекіте алады, бұл курстың логикалық қорытындысы болады.
Питер Смиттің аударма саласындағы жұмыс тәжірибесі мол. Ол мансабын жобалар менеджері ретінде бастап, бірнеше аударма компаниясының бас директоры ретінде жалғастырды. Питер дайындаған оқу курсының компания қызметкерлерінің кәсіби дамуына баға жетпес үлес қосатыны сөзсіз ─ кемелдіктің шегі жоқ екені мәлім.