Қазақстандағы Janus Worldwide өкілдігі өзінің 10 жылдық туған күнін атап өтті. Алматы қаласындағы өндірістік кеңсе сонау 2009 жылы ашылған және он жыл бойы тиімді қызмет етіп, клиенттерге әртүрлі материалдардың аудармасы және локализациясы саласында кеңауқымды қызметтер аясын ұсынып келеді. Кеңсе қызметкерлері өз ісінің нағыз шеберлері —көптеген жобаларды сәтті жүзеге асырған жоғары дәрежеде білікті аудармашылар, редакторлар және менеджерлер.
Клиенттер жұмыс сапасының жоғары деңгейін бағалап, серіктестікті одан әрі дамытуда, ал өкілдік ұжымы жаңа жобаларға жауап ретінде дами түсіп, өзіндік жетілуге ашылған мүмкіндік ретінде көреді.
Қазақстандағы өкілдік —Азияға сенімді форпостымыз болса, азиялық нарықта жұмысты сәтті үйлестіру — ұжымның ерен еңбегі. Ұжымды мерейтоймен құттықтай отырып, ары қарай өркендеуіне тілектестік білдіреміз!