2016 жылдың сәуір айының басында «Janus» аударма компаниясы бірнеше бақылау аудитінен сәтті өтіп, өзінің сапа менеджменті жүйесі ISO 9001:2008 халықаралық стандартының талаптарына толығымен сай екенін, ал клиенттерге көрсетілетін аударма қызметтері ISO 17100:2015-05 стандартының талаптарына сәйкес келетінін дәлелдеді. Сондай-ақ компания ауызша аудармаларды жүзеге асыру қызметінде қолданылатын ISO 13611:2014-12 стандартына сай сертификаттаудан бірінші рет өтті.
ISO 9001:2008 және ISO 17100:2015‑05 халықаралық стандарттарына сәйкестікті анықтауға бағытталған бақылау аудиттерін сәйкесінше TÜV SÜD Management Service GmbH және Austrian Standards plus GmbH халықаралық компаниялары аккредитациялаған мамандар өткізді.
Сертификаттаушы органдардың өкілдері «Janus» компаниясының қызметкерлерімен сұхбаттасты, оларға күнделікті жұмыс процесі тәжірибеде қалай жүзеге асырылатыны, олар жұмысты оңтайландыру және өздерінің алдына қойылатын міндеттерді тиімді шешу үшін қандай құралдарды пайдаланатыны, олар соңғы уақытта қандай нәтижелерге жеткені және қандай жетістіктер туралы айтып бергісі келетіні туралы сұрақтар қойды.
Аудиттер аясында клиенттердің қанағаттануын қадағалау механизмдері, қызметкерлермен жұмыс, сапа менеджменті жүйесінің құжаттамасы және оның өзектілігі, белгіленген процедураларды ұстану және мұны растайтын фактілердің болуы, өндірістің негізгі аспектілері және т.б. тексерілді.
Бақылау аудиттерінің нәтижелері «Janus» компаниясының бизнес-процестері ISO 9001:2008 және ISO 17100:2015-05 стандарттарының ең жоғары заманауи талаптарына сай екенін кезекті рет көрсетті. Аудиттер барысында сәйкессіздіктер анықталмады.
«Janus» компаниясы ауызша аудармаларды жүзеге асыру қызметіне қатысты ISO 13611:2014-12 стандарты бойынша сертификаттаудан бірінші рет өтті. Austrian Standards plus GmbH компаниясы берген бұл сертификат «Janus» компаниясы барлық қажетті критерийлерге және талаптарға сай екенін және осы стандартта көрсетілген барлық ұсыныстарды (Guidelines for community interpreting) орындап жатқанын куәландырады.
ISO 17100:2015-05 және ISO 13611:2014-12 стандарттарына сәйкестік сертификаттары компанияның Ресейдегі (Мәскеу және Санкт-Петербург), Чехия мен Қазақстандағы кеңселеріне, сондай-ақ АҚШ-тағы, Австриядағы, Германиядағы және Ұлыбританиядағы сату кеңселеріне де қатысты.
Кемелдіктің шегі жоқ екені белгілі, ал «Janus» аударма компаниясы көрсетілетін қызметтердің сапасын жоғарылату жұмысын ынтамен жалғастыруда. Бақылау аудиттерінен жыл сайын сәтті өту, сондай-ақ тағы бір халықаралық стандартқа сәйкестік туралы жаңа сертификатқа ие болу мұны кезекті рет растайды.