2016 жылдың 14 сәуірінде Мәскеудегі Sheraton Moscow Sheremetyevo Airport бес жұлдызды қонақ үйінде әлемдегі жетекші фармацевтикалық компаниялардың біреуі болып табылатын жапондық Astellas компаниясының он жылдығына арналған ONE Astellas Live ауқымды іс-шарасы өтті. Интерактивті конференция форматында өткен салтанатты іс-шараға компанияның ресейлік, украиналық және қазақстандық өкілдіктерінің шамамен 300 қызметкері қатысты. Бұл іс-шараның шеңберінде компанияның шетелдік кеңселерімен (олардың ішінде Ұлыбританияда, Германияда, Португалияда, Түркияда және Грекияда орналасқан кеңселер болды) телекөпір ұйымдастырылды.
«Janus» аударма компаниясы күрделі медицина және фармацевтика тақырыбында жұмыс тәжірибесі мол жоғары сыныпты мамандарды қамтамасыз етіп, ағылшын тілінен орыс тіліне синхронды аударма жасады. Бұған қоса компания осындай аударма үшін қажетті бүкіл жабдықты (аудармашыларға арналған еуропалық стандарттарға сай едендік кабинаны және залдағы іс-шараның барлық қатысушылары үшін ИК-қабылдағыштарын) қамтамасыз етті, ал инженерлер тапсырыс берушінің күрделі техникалық талаптарын ескере отырып, аударманы сүйемелдеуді орындады.
Іс-шара барысында дүние жүзінде орналасқан Astellas өкілдіктерінің жетекшілері сәлемдесу сөздерін сөйледі, емделушілер экраннан компанияның дәрілері арқасында дерттерінен қалай айыққанын айтып берді, үзілістерде анимациялық бағдарлама ұйымдастырылды. Тікелей эфирде Astellas компаниясының президенті және бас директоры Йошихико Хатанака (Yoshihiko Hatanaka) сөз сөйледі.
Әр жобаға дайындық барысында «Janus» компаниясы мамандарды таңдауға үлкен жауапкершілікпен қарайды, қажетті тақырып және қажетті жабдық бойынша айтарлықтай жұмыс тәжірибесі бар аудармашыларға басымдық береді, сондықтан барлығы алдарына қойылған міндетті тамаша орындап шықты. Аударма жоғары кәсіби деңгейде жүзеге асырылды және компанияның портфолиосы тағы бір сәтті жүзеге асырылған ірі жобамен толықтырылды.