2014 жылы сәуір айының басында Janus компаниясының СМЖ ISO 9001:2008 стандартының талаптарына сай қайта сертификаттауы жүзеге асырылды. Қайта сертификаттау аудитін үш жыл бұрынғыдай TÜV SÜD неміс компаниясы орындады.
TÜV SÜD — неміс сарапшылық ұйымы. 150 жылдық тарихында TÜV SÜD концерні сарапшылық, сынақ және сертификаттау саласындағы жетекшілердің бірі болды.
Оның мамандары 2011 жылы біздің сапа менеджменті жүйеміздің ISO 9001:2008 халықаралық стандартына сай келетінін растады, енді үш жылдан кейін олар сәйкестігін қайта тексерді.
Бақылау аудитінің шеңберінде келесі мәселелер тексерілді:
- клиенттердің қанағаттанушылығын қадағалау механизмдері;
- қызметкерлермен жұмыс;
- СМЖ құжаттамасы, оның стандарқа сәйкес келуі және өзектілігі;
- белгіленген процедуралардың орындалуы және оны іс жүзінде растау;
- өндірістің негізгі аспектілері.
Аудиторлар Janus компаниясының СМЖ тағы бір рет талдап, соңғы жылдағы өзгерістерімен таныс болды. Аудит Janus компаниясының сапа менеджменті жүйесінің және компанияның даму динамикасын көрсетті. Janus компаниясының барлық жаңа бағыттары мен жұмыс әдістері әуел бастан ISO 9001:2008 стандартына сәйкес келуге негізделеді, демек ол көрсетілетін қызметтердің жоғары сапасына кепіл болады.