3 – 5 маусым аралығында Берлин қаласында Localization World 28-халықаралық конференциясы өтеді. Осы жылы Janus бұл іс-шараға экспонент ретінде қатысады.
Localization World конференциясы — халықаралық бизнес өкілдері, аударма компаниялары және осы саладағы арнайы бағдарламалық жасақтама әзірлеушілері үшін жасалған, аударма саласының мамандары кездесетін негізгі әлемдік алаң болып табылады. Дәстүр бойынша конференцияда Adobe Systems, eBay, Google, IBM, LinkedIn, Microsoft сияқты ақпараттық технология саласындағы ірі компаниялардың өкілдері сөз сөйлейді. Конференцияның ұйымдастырушылары — MultiLingual Computing, Inc. және The Localization Institute ұйымдары.
Биыл конференция қонақтарының алдында жетекші футурологтар мен трендспоттерлердің бірі — Герд Леонард (Gerd Leonhard) алғы сөзін айтады. Конференция басталғанға дейін бір күн бойы маркетингке және сатылымдарға, сапаны бақылауға, Life Science саласына және ойындар локализациясына қатысты дөңгелек үстелдер өткізіледі.
Конференцияның негізгі бөлігі келесі тақырыптарды талқылауға арналады:
- Әлемдік бизнес.
- Веб және мобильді технологиялар.
- Мазмұн стратегиясы.
- Аударманы автоматтандыру (TAUS).
- Локализация саласындағы мамандық.
- Локализация саласындағы заманауи басқару жүйелері.
- Локализация қызметінің жеткізушісі (LSP).
- Тікелей тәжірибе алу мүмкіндігі.
Конференцияның толық бағдарламасын http://locworld.com/full-event-program сілтемесінен көруге болады.