2016 жылдың наурыз айында «Janus» компаниясы өзінің географиясын тағы да кеңейтті: бұл ретте компанияның өндірістік кеңсесі Галифакс қаласында (Батыс Йоркшир графтығы, Ұлыбритания) ашылды.
«Janus» компаниясы жаһандық даму стратегиясын ұстануды және оны сәтті жүзеге асырудың ажырамас элементтерінің бірі Follow-the-Sun өндірістік моделін жүзеге асыруды жалғастыруда. Өз кезегінде, Ұлыбританияда компания өкілдігін ашу осы бағыттағы тағы бір алға қарай қадам болып табылады және «Janus» компаниясының Батыс Еуропадағы позицияларын айтарлықтай күшейтуге мүмкіндік береді. Common Sense Advisory есебіне сәйкес, компания Батыс Еуропада қазірдің өзінде нарықтағы жетекші орындардың бірінде тұр», — деп атап өтті Константин Иоселиани, «Janus» компаниясының бас директоры.
Ұлыбританиядағы компания өкілдігіне Стив Хиггинс басшылық етеді. Бизнесті дамыту директоры қызметінде Стивтің міндеттеріне Ұлыбританияда және Батыс Еуропада компанияның негізгі серіктестерімен және клиенттерімен іскери қарым-қатынастарды дамыту және нығайту, сондай-ақ жаңа клиенттерді тарту және олармен ұзақ мерзімді тиімді ынтымақтастықты орнату кіреді.