30 маусымда «Janus» компаниясы өзінің клиенттері үшін дәстүрге айналған бизнес таңғы асын өткізді. Оның барысында іс-шара қонақтары компанияның жаңа қызметтері және қызмет бағыттары, аударма қызметі және бизнесті лингвистикалық сүйемелдеу саласындағы беталыстар туралы біле алды, сондай-ақ қызықтыратын сұрақтарын қойып, оларға мағыналы жауаптар ала алды.
Іс-шараның шеңберінде қатысушылар штаттан тыс орындаушылармен жұмыс жөніндегі директор Максим Замедянский, беттеу және дизайн бөлімінің жетекшісі Анастасия Богатова және компанияның техникалық директоры Дмитрий Улановтың сөздерін тыңдады.
Максим Замедянский «Жоба табысты болуы үшін орындаушыларды сауатты түрде іріктеу» презентациясының барысында вендор-менеджмент бөлімі туралы, штаттан тыс орындаушыларды іріктеу процесі туралы және оның on-boarding (қызметкерді жаңа орында бейімдеу) деген маңызды кезеңі туралы, жобалардағы икемді жұмыс жағдайларындағы вендор-менеджменттің трансформациясы туралы және процестерді автоматтандыру туралы айтып берді. Сөз соңында Максим компанияда қолданылатын штаттан тыс орындаушыларға арналған адалдық бағдарламаларын атап өтті, оларға ең жақсы аударма сайыстары, тамаша жұмысқа бонустар, орындаушыларды жоба желілеріне бекіту кіреді.
Анастасия Богатованың сөзі компаниядағы беттеу мен дизайнға арналды. Анастасия DTP бөлімінің құрылымы, ол қандай қызметтер көрсететіні және оның жұмыс процесі қалай құрылғаны туралы айтып берді. Ол осы процестің кейбір аспектілеріне, сондай-ақ «Janus» компаниясының салыстырмалы түрде жаңа қызмет бағыты — кәсіби дизайн қызметтеріне егжей-тегжейлі тоқталды. Брендбукпен жұмыс істеу, логотиптерді, корпоративтік материалдардың дизайнын, сыртқы жарнаманы, көрме стенділерін, автомобиль жапсырмаларын әзірлеу — компания клиенттерге ұсына алатын қызметтердің толық емес тізімі. Ал Анастасияның іс-шара қонақтарына көрсеткен сәтті жүзеге асырылған жобалар мысалы мұның ең жақсы растамасы бола алады.
Дмитрий Улановтың көрсетілімі клиенттерді тестілеу қызметтерімен таныстырды. Дмитрий локализацияланған өнімдерді лингвистикалық және функционалдық тестілеу туралы, сынау процесі қалай жүзеге асырылатыны және оған кім қатысатыны туралы егжей-тегжейлі айтып берді, сондай-ақ «Janus» компаниясында осы жұмыстың өнімдердің түрлері бойынша сағатпен және жобадағы тілдер санымен жасалып қойған көлемі туралы біраз статистикалық деректерді көрсетті. «Janus» компаниясының мамандары электрондық оқыту курстарын, жеке компьютерлерге және мобильді құрылғыларға арналған бағдарламалық жасақтаманы, сондай-ақ ойындарды (бейнеойындарды, әлеуметтік және мобильді ойындарды) тестілеуді жүзеге асырады.
Бизнес таңғы асының қатысушылары өздері үшін көп жаңа және пайдалы нәрселерді біліп, сонымен бірге өздерінің сұрақтарына толық жауаптарды алып қана қоймай, компания қызметкерлерімен және іс-шараның қонақтарымен кофе ішіп отырып, бейресми түрде сөйлесе алды.
Бұл іс-шараның клиенттерден оң баға алғанына өте қуаныштымыз және келешекте мұндай кездесулер барынша ақпаратқа толы және эмоционалды тұрғыдан көңілді болуына бар күшімізді саламыз.