2014 жылдың желтоқсан айында Janus компаниясы Еуропалық аударма компаниялары қауымдастығына (European Language Industry Association — ELIA) ресми түрде қосылды.
ELIA қауымдастығы Еуропадағы локализация, ауызша және жазбаша аудармамен жұмыс істейтін компанияларды біріктіреді. Қауымдастық тренингтер мен желілік іс-шараларға қатысу, іскерлікті дамыту және біріккен маркетингтік іс-шараларға ресурстар бөлу арқылы өз мүшелерінің бизнесін дамытуға арналған түрлі құралдар мен мүмкіндіктерді ұсынады. Ең алдымен ELIA — тең серіктестер қауымдастығы. Бұл жерде компаниялар үйрену, өсу, тілдесу және пікір алмасу мүмкіндігіне ие.
Қауымдастыққа Еуропада және одан тыс жерлерде орналасқан беделді аударма компаниялары кіреді. ELIA — іскерлік қарым-қатынастарды дамытуға, этикалық ұғымдарды және аударма саласындағы сапа стандарттарын жетілдіруге арналған тәжірибе алмасу платформасы болып табылады.