2014 жылдың 14 – 16 мамыр аралығында Алматы қаласында 21-ші «Денсаулық сақтау» Қазақстандық халықаралық көрмесі — KIHE 2014 өтті.
Көрме алаңына әлемдегі 20 елден келген 200-ден астам компания келіп, Германия, Қытай ұлттық қойылымдары ұйымдастырылды және Ресей мен Оңтүстік Кореяның компаниялары қатысты.
KIHE 2014 қойылымы дәстүр бойынша түрлі салада жұмыс істейтін, медициналық жабдықтардың өндірушілері, дилерлері және дистрибьюторларынан бастап дәрі-дәрмек, зарарсыздандыру құралдары, шығын материалдары және медицина мен денсаулық сақтауда қолданылатын басқа өнімдердің өндірушілеріне дейінгі компаниялардың медициналық тауарлары мен қызметтерін назарымызға ұсынды. Қатысушылар ең соңғы зерттеулерді, жаңа технологияларды, емдеу мен диагностиканың ең озық технологияларын көрсетеді.
Осы жылы Janus компаниясы KIHE көрмесінде стенд дайындап, медицина және фармация саласындағы кәсіпқойларға медициналық тақырыптардың қазақ тіліне аудару және локализация қызметтерін ұсынды.
Janus компаниясы медициналық аудармалардың келесі салаларындағы бірегей білім мен жұмыс тәжірибесіне ие: фармацевтика, медициналық жабдықтар, денсаулық сақтау, биотехнология, клиникалық зерттеулер және диагностикалық сынақтар.
Бірнеше жыл бұрын компанияда Life Science арнайы бөлімі құрылды, ол ең алдымен әртүрлі саладағы медициналық компаниялардың аударма қажеттіліктерін қанағаттандыру бойынша жұмыс істейді. Бұл бөлімде кәсіпқой тіл мамандары ғана емес, сондай-ақ медициналық білімі бар, бұрын дәрігер және фармацевт болып жұмыс істеген адамдар еңбек етеді. Жұмысты ISO 9001:2008 халықаралық стандартының талаптарына сай ұйымдастыру дәл және толық аударма жасаудың кепілі болып табылады және ол тиісті сертификатпен расталған.
Салада теңдесі жоқ ауқымды тәжірибе, адамдардың потенциалы және жаңа аударма технологияларының арқасында, сапалы медициналық аударма қажет болған кезде Janus компаниясы ең тамаша серіктес бола алады.