Janus компаниясы 2016 жылдың 8-10 маусымында Дублинде өткен Localization World 31-ші халықаралық конференциясына қатысты.
Localization World конференциясы лингвистикалық саланың өкілдері үшін жетекші іс-шара және аудармалар мен локализация саласындағы соңғы тенденцияларға қызығушылық танытатын халықаралық компаниялар үшін маңызды оқиға болып табылады. LW конференциясы әртүрлі алаңдарда және әртүрлі елдерде жылына бірнеше рет өткізіледі. Бұл конференцияның барысында қатысушыларда білімі мен тәжірибесін бөлісу, сондай-ақ саладағы ең жаңа техникалық жетістіктер туралы ақпарат алмасу мүмкіндігі болады.
2016 жылы Localization World конференциялары Engaging Global Customers ұранымен өтеді. Convention Centre кезекті, санақ бойынша 31-ші конференцияның өткізу алаңына айналды. Бұл ─ Дублиндегі іскери іс-шараларды өткізуге арналған танымал орын.
Конференция аясындағы барлық сөз сөйлеулер келесі блоктарға бөлінді:
- Advanced Localization Management
- Keynote
- Technical
- Content Strategy
- Service Providers
- Unconference
- Global Business
- TAUS
- Inside Track
- Core Competencies
Спикерлер ретінде Microsoft, IBM, Google, Xerox, Adobe Systems Inc., Facebook сияқты ірі халықаралық корпорациялардың өкілдері де, лингвистикалық саладағы компаниялардың өкілдері де сөз сөйледі.
Janus компаниясы үшін Localization World конференциясына қатысу дәстүрге айналған. Бұл іс-шараға компания атынан бас директор Константин Иоселиани, бизнесті дамыту жөніндегі директор Стив Хиггинс және техникалық директор Дмитрий Уланов қатысты. «Language Service Providers» блогында Дмитрий Key Aspects of Successful Operations for LSP атты көрсетіліммен сәтті сөз сөйледі.
Өз презентациясының барысында Дмитрий клиенттерге бағытталған компанияны құрудың негізі болып табылатын сапалы басқару жүйесінің маңыздылығы, өз кезегінде компанияның әртүрлі бөлімдерін/бөлімшелерін және іс-әрекет салаларын біріктіретін және олардың ретті, үйлесімді және өнімді жұмысын қамтамасыз ететін процестік әдіс, күнделікті жүзеге асырылатын бірқатар әрекеттерді әртүрлі құралдар арқылы автоматтандыру мүмкіндіктері туралы айтып берді.
Оған қоса Дмитрий болашақта аударма компанияларына тән сипаттар қандай болатыны туралы болжамымен бөлісті. Ол келесі сипаттамаларды бөліп көрсетті:
- жүйелер мен құралдар арасында деректер алмасуды интеграциялау;
- тапсырмаларды автоматтандыру (адам тек күрделі, әдеттегі емес шешімдерді қажет ететін тапсырмалармен айналысады);
- машиналық аударманы тиімдірек пайдалану;
- ауытқуларды басқару (ауытқулардың болмауы = толығымен автоматтандырылған басқару).
Дмитрий сөйлеген сөз ақпаратқа толы, қызықты және мағыналы болды және өз тәжірибесі мен ойларының негізінде ұсынған шешімдері мен берген кеңестері осы саладағы конференцияға қатысқан әріптестерінің қолдауына ие болатыны сөзсіз.