Кез келген өнімді сапалы локализациялау — бұл сайт, оқыту курсы, бағдарламалық жасақтама, смартфондарға арналған қолданба немесе консольдерге арналған ойын болсын — функционалдық және лингвистикалық тестілеусіз мүмкін емес.
Функционалдық тестілеу — бағдарламаны, көрсетілімді, оқыту курсын және басқа өнімдерді функционалдық ақауларды (әзірлеу немесе локализациялау барысында пайда болған) анықтау және оларды құжаттау мақсатында қарап шығу, я болмаса жан-жақты тестілеу. Лингвистикалық тестілеу функционалдық тестілеуге ұқсайды, бірақ өнімде көрсетілетін мәтін (оның белгілі бір тілдің ережелеріне қаншалықты сай екені) ғана тексеріледі.
Басқаша айтқанда, жұмыс ресурстық файлдарды аударумен аяқталмайды және локализацияланған өнімді шын жағдайларда қолданып көру керек.
2016 жылдың қаңтарынан бастап Janus компаниясы клиенттеріне келесі қызметтерді қуана ұсынады:
- бағдарламалық жасақтаманы және басқа материалдарды функционалдық және/немесе лингвистикалық тестілеу (толық цикл, соның ішінде өнімді талдау, сынақ жоспарды және тестілеу сценарийлерін әзірлеу, сынақтың қажетті итерациялар санын өткізу, қажет болса түзетулер енгізу);
- сапаны тәуелсіз бақылау және оның нәтижелері бойынша қателерді ықтимал түзету;
- машиналық аударманың (МА) қызметтер кешені, соның ішінде келесілер: МА, МА + өңдеу + түзету, МА + түзету;
- глоссарийді әзірлеу және жүргізу.