Ақпан айының соңында компания басшылығының дәстүрлі кеңейтілген кеңесі болып өтіп, оған бөлімше басшылары, сонымен қатар өңірлік кеңселер басшылары қатысты.
Шараның негізгі мақсаты — өткен жылды қорытындылау, ағымдағы жылға мақсаттар қою және келер жылдарға компанияның әртүрлі бағыттар бойынша даму стратегиясын талқылау.
Кездесуді компанияның президенті және бас директоры Константин Иоселиани ашты. Ол компанияның 2018 жылы жеткен нәтижелері мен 2019 жылға қойған мақсаттары туралы айтып өтті. Өткен жыл компания үшін жемісті және жеңісті болды: Janus Worldwide компаниясы Common Sense Advisory тәуелсіз зерттеу агенттігі құрастырған Батыс Еуропаның ірі аударма компанияларының рейтингінде 10-орынға ие болды; негізгі клиенттермен жұмыс барысында керемет нәтижелерге жетті; Across бағдарламалық шешімдерінің Ресей мен ТМД елдеріндегі ресми ресейлері атанды; ауқымды спорттық іс-шара — Ресейдегі FIFA 2018 футболдан әлем чемпионатына™ сәтті лингвистикалық қолдау көрсетті; жаңа бағыттар ашты; саны өсті. 2019 жылға жаңа, одан да өршіл мақсаттар қойылды.
Компанияның вице-президенті және қаржылық директоры Игорь Могилевский ақпараттық технологиялар саласындағы стратегия мен Janus Worldwide жеке әзірлемесі — GTP (Global Technology Platform) жаһандық технологиялық платформасы туралы айтып өтті. Ол GTP 2.0 атауына ие болып, жылдамырақ әрі пайдалануға оңай және функционалдық мүмкіндіктері мен интерфейсі жағынан ұнамды бола түсті.
Ары қарай компанияның функционалдық бөлімшелерінің басшылары сөз алып, қатысушыларға технологиялар, маркетинг, қызметкерлер, ресурс-менеджмент және сатылым салаларындағы стратегиялар, сонымен қатар сапа және өндіріс саласындағы нәтижелер мен 2019 жылға қойылған мақсаттар туралы сөз қозғады.
Іс-шара іскери ойынмен аяқталды. Қатысушылар топпен жұмыс істеп, компанияның өзекті бағыттары бойынша 2020–2022 жылғы стратегиясының көрінісін ұсынды. Бұл тимбилдинг формасы өз тиімділігін бірнеше жыл дәлелдеп келе жатыр, сонымен қатар ұжымның ұйымшыл болуына және жаңа қызықты шешімдер ойлап табуына мүмкіндік береді.
Мұндай кеңейтілген және қызықты форматта өтетін жылсайынғы кеңес әріптестердің әртүрлі функционалдық бөлімшелер жұмысының нәтижелері, жалпы компания мен жекелей бөлімшелерінің алдына қойған мақсаттары мен міндеттері туралы толық мәлімет алуына, сонымен қатар өзекті мәселелерге деген көзқарастарымен бөлісуіне мүмкіндік береді.