Janus Worldwide аударма компаниясы 2018 жылы Janus EDGE бөлімшесін құрды. Содан бері ол үздіксіз дамып, көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру мен клиенттерге қызмет көрсетуді жетілдіру жұмыс атқарып келеді. Бүгінгі таңда әлем COVID-19 коронавирусы пандемиясына тап болды. Janus EDGE ұжымы жаңа тапсырмаларға байланысты клиенттерді қанағаттандыру мақсатында жаңа тиімді шешімдер табуда.
Janus EDGE бөлімшесінің стандарттан тыс сұрауларды қарастыратын, әр клиентпен жеке жұмыс істей алатын ерекшелігі бар. Қысқа мерзімде аударып беру, ақырғы материалға қойылатын ерекше талаптар, шектелген бюджет, үлкен көлемдегі құжаттама немесе біржақты мамандану қажет болатын жағдайларда Janus EDGE ұжымы клиентке оңтайлы шешімдер ұсынады.
Жеке талаптарға реттелген шешімдер ұсыну жаңа технологиялар пайдалану арқылы, соның ішінде Janus Worldwide компаниясы өзі әзірлеген процестердің көбісін автоматты түрде орындайтын GTP 2.0 платформаларының арқасында мүмкін болды.
Технологиялық құрамдас бөлік клиенттің уақытша және қаржылық шығындарын азайтуға, стратегиялық шешімдер қабылдау үшін сараптамалық мүмкіндіктер беруге және ыңғайлы өзара әрекеттестікпен қамтамасыз етуге бағытталған. Осының барлығының клиенттерге тәулік бойы қызмет көрсететін түрлі салада мамандандырылған кәсіби деңгейдегі қызметкерлердің ұжымынсыз іске асуы мүмкін емес. Janus EDGE ұжымы жаңа міндеттерді жаңа мүмкіндіктер деп қарайды және жоспарларыңызды орындауға әрдайым дайын.