Janus Worldwide компаниясы Барселонада 2017 жылдың 14-16 маусымында соңғы уақытта аударма саласында орын алған локализациялық процестің эволюциялық өзгерістерін көрсететін Continuous delivery ұранымен өтетін LocWorld конференциясының қола демеушісі болады. Іс-шараны өткізу алаңы Palau de Congressos de Catalunya конференц-орталығы болып табылады.
LocWorld лингвистикалық саланың өкілдеріне және халықаралық концерндерге, сонадй-ақ шетелдік нарықтарға енді шығып жатқан компанияларға жетекші конференция болып табылады. Бұл іс-шара жылына үш рет, әртүрлі континенттерде өткізіледі және дәстүр бойынша әлемнің қырықтан астам елінен адалдығы жоғары аудиторияны жинайды. LocWorld — салалық беталыстармен, жаңа технологиялармен және қызметтермен танысу, сондай-ақ өзекті сұрақтарды талқылау және тиімді нетворкинг үшін тамаша алаң. Оқиғаға қатысушылардың қатарында аударма компаниялары, арнайы бағдарламалық жасақтаманы және лингвистикалық салаға арналған әртүрлі құралдар мен шешімдерді әзірлеушілер, БАҚ, тәуелсіз зерттеу агенттіктері, ассоциациялар, ірі халықаралық компаниялар және басқа да мүдделі ұйымдар бар.
Конференцияның негізгі бағдарламасы мазмұнды және кең ауқымды әрі келесідегідей атаудағы бірқатар тақырыптық блоктарға бөлінеді: Advanced Localization Management, Content Management, Core Competencies, Inside Track, Keynote, TAUS, Technical, Community, Global Business және Unconference.
Сондай-ақ LocWorld қатысушылары Preconference Day іс-шарасына қатыса алады. Оның шеңберінде дөңгелек үстелдер, мастер-кластар және тақырыптық сессиялар өткізіледі.
Janus Worldwide компаниясы салада үлкен танымалдыққа және құрметке ие осындай ауқымды және маңызды іс-шараның демеушісі және экспоненті болатынына қуанышты.
LocWorld конференциясында № 212 стендімізде сізді қуана күтеміз!