Janus Worldwide аударма компаниясы 2016 жылдың 28-29 қыркүйегінде Лондондағы Ұлыбританияның ең ескі көрме кешендерінің бірі болып табылатын Olympia Exhibition Centre кешенінде өткен eCommerce Expo көрмесіне қатысып, өзінің Global Technology Platform (GTP) атты жаһандық технологиялық платформасын көрсетті.
eCommerce Expo — Еуропадағы электрондық коммерция саласындағы ең ірі көрме. Ол тамаша ақпараттық және коммуникациялық алаң болып табылады және қатысушыларына өздерін көрсетуге және пайдалы іскери байланыстар орнатуға мүмкіндік береді. eCommerce Expo көрмесіне келушілер жаңа өнімдер, қызметтер және технологиялар туралы біріншілердің бірі болып білу мүмкіндігін алады. Бұл іс-шара онлайн-транзакциялар процесінің барлық аспектілерін қамтиды — маркетинг, веб-платформалар және төлемдерді жүзеге асырудан тауарларды жеткізу және клиенттерге қызмет көрсетуге дейін. Бұл көрмеге жыл сайын мыңдаған кәсіпқойлар келеді.
eCommerce Expo көрмесінің шеңберінде Janus Worldwide компаниясы жалпақ әлеуметке аударма және локализация процесін максималды түрде қарапайым және транспарентті ететін және дүние жүзіндегі клиенттерге өз шығындарын барынша азайтуға және аударма қызметтерін уақытылы және сапаға қойылатын ең жоғары талаптарды ескере отырып алуға мүмкіндік беретін бірқатар шешімдерді біріктіретін Global Technology Platform (GTP) жаһандық технологиялық платформасын қуана көрсетті.
Компанияның жеке жаһандық технологиялық платформасының аясында көрсеткен құралдары мен шешімдері көрмеге келушілер мен экспоненттер арасында үлкен қызығушылық тудырды және олардан тек оң пікірлер алды. Мысалы, Janus Express шешімі тарихи қалыптасқан және соңғы уақытқа дейін аударма саласында басым болып келген материалдың шағын көлемін тез аудару үшін үлкен қосымша төлем алынуы принципіне нағыз қарсы тұратын шешімге айналды. Global Technology Platform құрамына кіретін басқа шешімдер де өте пайдалы және сұранысқа ие, өйткені терминологияны сәтті басқаруға (Janus TermCheck) мүмкіндік береді, кешенді көпқадамды сапаны басқару арқасында кез келген қателерді жояды (Janus Perfect), тапсырыс берушілерге арнайы портал (Janus Connect) арқылы аударма жобаларын тиімді басқаруды жүзеге асыруға және нақты уақыт режимінде жобалар туралы егжей-тегжейлі және құрылымдалған ақпаратты алуға (Janus DashPort) көмектеседі.
Janus Worldwide компаниясы өзі бір кезде таңдаған, технологиялылық, инновациялылық және үздіксіз өзін-өзі жетілдіруге негізделген құндылықтарын үздіксіз ұстанатынын кезекті рет растады, ал компанияның көрме стендінің жарқын, әдеттегідей емес безендірілуі, өз кезегінде, оның жасампаздығын көрсетті, басқа экспоненттердің арасында ерекше көрініп тұрды және, әлбетте, іс-шараның барлық қонақтарының назарын аударды.
Көрмеге экспонент ретінде қатысқан Janus Worldwide компаниясының бизнесті дамыту жөніндегі директоры Стив Хиггинс алған әсерімен бөлісті: «Біз Лондондағы eCommerce Expo көрмесінде Global Technology Platform жаһандық технологиялық платформамызды көрсетуді шештік. Екі күн ішінде бұл іс-шара мыңдаған келушіні тартты және біз үшін лингвистикалық шешімдеріміз және инновациялық технологияларымыз туралы айтып беретін тамаша алаңға айналды. Бұл оқиға үлкен табысқа ие болды, біз ритейл, электрондық коммерция және маркетинг салаларындағы бірқатар ықтимал клиенттермен сөйлестік және оларды не қызықтыратынын және тіл де, технологиялар да неліктен халықаралық саудада маңызды рөл ойнайтынын білдік. Дүние жүзіндегі интернет пайдаланушыларының 75 %-ы ақпарат туған тілінде көрсетілген өнімдерді сатып алуға немесе қызметтерді таңдауға бейімірек екенін айтады. Ұсынатын шешімдерінің арқасында Janus Worldwide компаниясы онлайн сауда секторындағы компанияларға жаңа клиенттерді тартуға және нарықта табысқа жетуге көмектеседі».