Janus Worldwide аударма компаниясы жетілдірілген GTP (Global Technology Platform) жаһандық технологиялық платформасын нарыққа шығарғаны туралы қуана хабарлайды. Жаңартылған платформаны презентациясы маусымда Барселонада өтетін LocWorld конференциясында көрсетіледі.
GTP жаһандық технологиялық платформасына клиенттердің компаниямен өзара әрекеттесу процесін максималды түрде қарапайым және транспарентті етуге, аударманың жоғары сапасын, оның уақтылылығын, компанияның сыртқы және ішкі корпоративтік терминологиясының үйлесімділігін, сондай-ақ әрбір жоба туралы егжей-тегжейлі ақпараттың нақты уақыт режиміндегі қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар шешімдер мен құралдар кіреді.
Жаһандық технологиялық платформаның құрамына кірген құралдар мен шешімдер келесі атауларға ие болды: Janus TermCheck (ыңғайлы терминологияны басқару құралы); Janus Perfect (көпсатылы автоматтандырылған сапаны басқару процесі); Janus Connect (компания мен клиенттердің өзара әрекеттесуінің жоғары деңгейін қамтамасыз ететін портал, сондай-ақ порталды клиенттің CMS жүйесімен біріктіретін Janus Connect API шешімі); Janus DashPort (жобалар туралы егжей-тегжейлі, құрылымдалған ақпарат беретін, клиенттерге шығындар және аудармаларға бюджет бөлу туралы көбірек хабардар етілген шешім, сондай-ақ басқа стратегиялық шешімдерді қабылдауға мүмкіндік беретін құрал) және Janus Express (көлемі шағын аудармаларға шұғыл тапсырыс берілген кездегі аударма қызметтері нарығындағы шынымен де эксклюзивті ұсыныс).
GTP платформасын нарыққа шығарғаннан бері біраз уақыт өтті. Бұл Janus Worldwide компаниясына одан әрі даму векторларын анықтауға және жетілдіру үшін нақты қадамдарды орындауға мүмкіндік береді. Өзгерістер құрылысқа да, мазмұнға да қатысты болды. Нақты тапсырыс берушілердің қажеттіліктеріне бейімделген маңызды қосымшалар біріктірілді.
Janus Connect және Janus DashPort сияқты технологиялық шешімдердің дизайны визуалды тартымдылық тұрғысынан ғана емес, юзабилити тұрғысынан да айтарлықтай жақсартылды: Janus Connect порталын пайдалану және Janus DashPort құралы арқылы жобалар туралы ақпаратты көру енді айтарлықтай ыңғайлырақ, интерфейс пайдаланушыларға бұрыннан да түсінікті және интуитивті болды. Оған қоса өзара әрекеттесу процесін максималды түрде тиімді және ыңғайлы ету үшін шешімдердің екеуінің де функционалы айтарлықтай кеңейтілді.
Janus TermCheck құралы да жақсы жаққа қарай өзгерді: бірқатар техникалық шешімдерді ендіру және бағдарлама дизайнын түрлендіру жұмысы арқасында терминологияны басқару бұрыннан да ыңғайлырақ болды.
Сондай-ақ Janus Worldwide компаниясы клиенттік қызметті жетілдіруді және көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру үшін жұмыс істеуді жалғастыруда. Бұл Janus Perfect және Janus Express шешімдеріндегі оң енгізілімдерден көрінеді: Janus Perfect сапаны басқару процесі және Janus Express қызметінің жұмысы егжей-тегжейлі реттелген. Бұл түпкілікті өнімнің жоғары сапасы үшін маңызды алғышарт болып табылады.
Janus Worldwide аударма компаниясы өзінің жаңартылған, жетілдірілген Global Technology Platform (GTP) жаһандық технологиялық платформасын LocWorld іс-шарасында — Барселонада 14-16 маусым аралығында өтетін лингвистикалық саланың өкілдеріне арналған жетекші конференцияда және халықаралық бизнеске арналған қызықты іс-шарада көрсетеді.
LocWorld конференциясында № 212 стендімізде сізді қуана күтеміз!