2017 жыл Janus Worldwide компаниясы үшін маңызды оқиғамен— АҚШ-тағы географиясының кеңеюімен басталды. Компанияның сауда-саттық командасына Америка Құрама Штаттарының шығыс және батыс жағалауынан бизнесті дамыту жөніндегі екі менеджер қосылды.
2017 жылы Janus Worldwide компаниясының американдық өкілдігіне жеті жыл толады. Бұл уақытта өкілдік тамаша жұмыс нәтижелерін көрсетті, компанияның кәсіпқойлығы мен жоғары жауапкершілігіне, сондай-ақ оның клиенттерге максималды бағытталғандығына бірнеше рет көз жеткізген тұрақты клиенттер мен серіктестерді тапты. Алайда компания бұл жетістігімен тоқтамайды, өйткені үздіксіз жетілу және даму оның құндылықтарының негізінде жатыр. Сондықтан АҚШ-та сауда-саттық командасын кеңейту өте заңды және негізді болып табылады; бұл Janus Worldwide компаниясына аймақтағы позицияларын айтарлықтай нығайтуға мүмкіндік береді және сауда-саттықтың тиімді дамуына септігін тигізеді.
Американдық өкілдік сауда-саттық командасының мақсаты жаңа клиенттерді тарту ғана емес, мүдделер саласында компанияның негізгі тапсырыс берушілерімен және серіктестерімен іскери қарым-қатынастарды нығайту және дамыту, сондай-ақ олардың адалдығын арттыру кіреді.
2017 жылы компания жаһандық даму стратегиясын ұстанып, Follow-the-Sun өндірістік моделін тәжірибе жүзінде жүзеге асыруды жалғастыруда, сондай-ақ лингвистикалық қызметтердің жаһандық жеткізушісі мәртебесін бекітуге талпынуда. Бизнесті дамыту жөніндегі менеджерлер командасын кеңейту Janus Worldwide компаниясына өзінің стратегиялық жоспарларын ұстануға және жаңа өршіл міндеттерін орындауға мүмкіндік береді.