Common Sense Advisory тәуелсіз зерттеу компаниясы Janus компаниясын Батыс Еуропадағы аударма нарығының негізгі ойыншыларының біреуі деп атады.
2015 жылдың 31 мамырында нарықты зерттеумен айналысатын Common Sense Advisory компаниясы The Language Services Market: 2015 (Тілдік қызметтердің нарығы: 2015 жыл) есебін жариялады. Оған сәйкес Janus компаниясы Батыс Еуропадағы лингвистикалық қызметтерді жеткізушілердің арасында 12-ші орында тұр.
Өткізілген зерттеудің шеңберінде Common Sense Advisory 860 тілдік қызметтер жеткізушісінің деректерін талдады, олардың 2013 және 2014 жылдардағы айналымдарын әрі 2015 жылда күтетін айналымдарын зерттеді. Бұл нарықтық болжамдарды және рейтингтерді соңғы он жыл бойы жариялап келе жатқан компанияға лингвистикалық қызметтердің нарығы өсіп жатқанын және жылдық өсу 6,46 %-ды құрайтынын мәлімдеуге мүмкіндік берді. Бұл есепке сәйкес, халықаралық сауда, әртүрлі елдердің бизнестегі өзара әрекеттестігі және ақпарат көлемдерінің артуы бұл саланың негізгі қозғайтын күштері болып табылады.
Janus компаниясы Ресейдегі аударма және локализация саласындағы жетекші шешімдер жеткізушісі болып табылады. Процестердің икемділігі және үйлестілігі компания қызметкерлеріне бағдарламалық құралды, веб-сайттардың мазмұнын, онлайн-тренингтерді, маркетингтік материалдарды, мультимедианы локализациялау, сондай-ақ техникалық аударма жобаларын тез және артық шығындарсыз өңдеуге мүмкіндік береді, әрі нәтиженің әрдайым жоғары сапалы болуын қамтамасыз етеді. Common Sense Advisory компаниясы Janus Worldwide компаниясын жетекші LSP (Language Service Provider, лингвистикалық қызметтер жеткізушісі) құрамына бес жыл қатарынан қосып отыр.