Common Sense Advisory тәуелсіз зерттеу тобы Janus компаниясын ғаламдық нарықтағы үздік ойыншы деп атады
2015 жылдың 31 мамырында нарықты зерттеумен айналысатын Common Sense Advisory компаниясы The Language Services Market: 2015 (Тіл қызметтерінің нарығы: 2015 жыл) есебін жариялады. Осыған сәйкес Janus компаниясы бүкіл әлем бойынша лингвистикалық қызмет көрсететін 18097 компанияның ішінде 45-орынды алады.
Жүргізілген зерттеу аясында Common Sense Advisory компаниясы тіл қызметін ұсынатын 860 жеткізушінің деректерін талдап, олардың 2013 және 2014 жылдардағы айналымы мен 2015 жылғы болжамдарын зерттеді. Соның арқасында соңғы он жыл бойы нарықтық болжамдарды және рейтингті жариялайтын компания лингвистикалық қызметтер нарығының өсуі жалғасып келе жатқаны және жылдық өсімі 6,46% құрағанын анықтады. Есептегі деректер бойынша саланың қозғайтын күші халықаралық сауда, түрлі елдердің бизнес-әрекеттері және ақпарат көлемінің ұлғаюы болып табылады.
Janus компаниясы — аударма және локализация саласындағы жетекші шешімдер жеткізушісі. Процестердің икемділігі мен келістілігі компания қызметкерлерінің бағдарламалық жасақтама, веб-сайт мазмұндары, онлайн тренингтер, маркетинг материалдары, мультимедиа локализациясы, сондай-ақ техникалық аударма жобаларын жылдам және артық шығынсыз өңдей отырып, жоғары сапалы нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Common Sense Advisory компаниясы Janus компаниясын қатарынан бес жыл бойы жетекші LSP (Language Service Provider) қатарына қосып келеді.