Common Sense Advisory тәуелсіз зерттеу агенттігі The Top 100 LSPs in 2017 жыл сайынғы есебін жариялады. Оған сәйкес Janus Worldwide компаниясы аударма қызметтерінің жаһандық нарығында жетекші орындарға ие.
The Top 100 LSPs in 2017 және The Top LSPs in Western Europe in 2017 атты ірі аударма компаниялары рейтингтерінің нәтижелері бойынша Janus Worldwide әлемде 49-орында және Батыс Еуропада 11-орында тұр.
Компанияның тамаша нәтижелері өте заңды: ол үздіксіз өсіп, дамуда, өйткені кемелдікке үздіксіз ұмтылу оның құндылықтарының негізінде жатыр, ал жай ғана заманмен қатар жүру емес, одан озу оның философиясына айналғалы көп болды.
Компания жиырма жылдан астам уақыт бойы корпоративтік клиенттерге кешенді лингвистикалық қызмет көрсетіп келеді. Follow-the-Sun өндірістік моделін ендіру, сондай-ақ өкілдіктерін әлемнің әртүрлі елдерінде ізбе-із ашу команияға әртүрлі уақыт белдеулерін қамтуға және клиенттерге 24/7/365 режимінде сапалы жан-жақты лингвистикалық қолдау көрсетуге мүмкіндік береді.
Инновациялылық және технологиялылық (компания тұрақты түрде ұстанатын принциптер) компанияның өз шешімдерін әзірлеуінің катализаторлары болып табылады және GTP (Global Technology Platform) жаһандық технологиялық платформасы мұны анық түрде растайды.
Клиенттердің сұрауларын орындау ғана емес, оларды алдын ала болжап білу Janus Worldwide компаниясын жұмыс процестерін және пайдаланылатын құралдарды жақсарту және жетілдіру жұмыстарын жалғастыруға шабыттандырады, сондай-ақ бүкіл әлемдегі клиенттердің сеніміне ие болуға мүмкіндік береді.