Сәуір айында Translation Rating зерттеу агенттігі Ресейдің ірі аударма компанияларының жылдық рейтингісін жариялады. Рейтинг бойынша Janus Worldwide компаниясы тағы да 1-орынға шығып, көшбасшыға айналды. Компаниялардың рейтингісі 2019 жылғы түсімнің көлемі негізінде жасалды. Түсімнің сомасына аударма қызметімен және әртүрлі материалдардың локализациясымен қатар, беттеу, шет тілдерін оқыту, аударма бағдарламалық құралдарын сату, нотариалдық рәсімдеу, апостильдеу және т.б. кіргізілді. Рейтинг жасау кезінде доллардың курсы бекітілді: 2019 жылдың әр күніндегі сауданың орташа арифметикалық мәні алынды. Janus Worldwide компаниясының түсімі осы жылы 25,4 миллион доллар немесе 1,6408 миллиард рубль болды. Рубль бойынша өсу 10,9%-ды, экспорттық түсімдегі үлесі 70%-ды құрады.
Janus Worldwide компаниясы алуан түрлі портфолиоға ие: тапсырыстың шамамен 50%-н бағдарламалық құралдар локализациясы; 10%-н техника, медицина және фармацевтика саласындағы аударма, сонымен қатар басқа аударма компанияларының қосалқы мердігерлігі; 4 %-н жанармай-энергетика кешендеріне арналған аудармалар, қаржы және заң саласындағы аударма, мемлекеттік сектор және коммерциялық емес ұйымдарға арналған аударма, түрлі бейнематериалдар локализациясы, дубляждау және субтитрлеу, сонымен қатар сауда компанияларына арналған аудармалар (оның ішінде «интернет саудасы» бағыты бойынша). Janus Worldwideкомпаниясы қазіргі бизнесіне, европалық сату қызметіне және жеке жобасы ¬– GTP (Global Technology Platform) жалпы технологиялық платформасына белсенді түрде инвестиция құюда.
Рейтингке қатысқан барлық 96 компанияның жалпы айналымы 11,3 миллиард рубль болды. Әр қатысушы бойынша көлемнің өсуі 11%-ды немесе 1,13 миллиард рубльді көрсетті, оның ішінде өсімнің жартысы экспорттық түсімге тиесілі. Бұл ресейлік компаниялардың шетелдік нарықта бәсекеге қабілеттілігі жоғары екенін білдіреді. Рейтинг жаһандық коронавирус пандемиясы кезінде шықты және оның осы салаға әсерін болашақта бағалай аламыз. Janus Worldwide ұжымы болашаққа сеніммен қарайды және әрі қарай дамуға ұмтылады. Сонымен қатар қазіргі жағдайды ескере отырып, алдағы міндеттерді орындауға қажетті амалдарды қарастырудамыз.