Janus Worldwide аударма компаниясы Across бағдарламалық шешімдерінің Ресей мен ТМД елдеріндегі ресми ресейлері атанды. Шілде айының басында Janus Worldwide мәскеулік кеңсесінде өткізілген екі компания өкілдерінің кездесуі барысында серіктестік егжей-тегжейлі талқыланып, маңызды келісімдерге қол жеткізілді, оның ішінде серіктестік жөніндегі келісімге қол қойылды.
Across Systems GmbH компаниясы аударма процестерін басқаруға арналған нарықтағы жетекші платформаларының бірі саналатын Across Language Server бағдарламасын әзірлеуші болып табылады. Шешім аударманы тез, оңай әрі, сондай-ақ экономикалық тұрғыдан да тиімді орындауға мүмкіндік беретін аударма және локализация процесіне ілесе жүретін өнімдер мен компоненттердің жиынтығын ұсынады.Аудармаға арналған мәтіндерді құру, жобалар мен құжат айналымын басқарудан бастап, аудармаға, түзету мен қорытынды материалдардың шығарылымына дейінгі аударманың барлық кезеңдеріне қолдау көрсетіледі.
Шешімдерді менеджерлерге жобаға тартылған орындаушылар арасында міндеттерді бөлуге, олардың орындалуы мен шығындарды қадағалауға, сонымен қатар аударылған материалдар аясындағы терминология мен стиль тұтастығын, деректердің ақпараттық қауіпсіздігін, үрдістерді қажетті деңгейде автоматтандыруды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін біртұтас платформа шеңберіндегі тілдік ресурстар мен ішкі және сыртқы пайдаланушылардың құзіретін біріктіруші кез келген масштабтағы компанияларға арналған басқару құралдары құрайды.
Across шешімінің тағы бір элементі – корпоративтік қарым-қатынаста қолданылатын терминдердің келісімділігі мен орындылығына кепіл болатын біріктірілген терминологияны басқару жүйесі.
Аударма жадының құралы бүкіл әлем бойынша орасан зор пайдаланушылардың құрметіне бөленген. Бағдарлама орындалған аудармаларды сақтай отырып, оларды кейін пайдалануға мүмкіндік береді, сондай-ақ автоматтандырудың түрлі мүмкіндіктерін ұсынады. Құралды қолдану мәтіндерді аударудағы тиімділікті едәуір арттырып, терминологиялық келісімділікті мүлтіксіз сақтауды қамтамасыз етеді. Осының нәтижесінде өнімнің шығарылу сапасын айтарлықтай артырады.
Across шешімінің аудармаға арналған бастапқы мәтіндерді даярлауда қолайлы құрал ретіндегі элементін елемеуге болмайды. Орфографиялық (және басқа да) қателердің ықтималдығы, терминологияның жүйесіз пайдаланылуы, стиль бірлігінің болмауы және өзге де мәселелер еңбек шығыны мен аударма құнының артуына әкеліп соғады. Қолдау құралы аударма барысына даярлаудағы келісімділікті қамтамасыз ететін бастапқы мәтіндерді құруда осы мәселелерді болдырмайды. Құрал барлық кең таралған мәтіндік редакторлар үшін қолжетімді.
«Соңғы айларда орыстілді нарық тарапынан сұраныс тұрақты өсуде. Бұл тұрғыда серіктесіміз Janus Worldwide компаниясының жергілікті қатысуы мінсіз шешім болып табылады. Бұл — мақсатты елдердегі жеке бөлімшелері аясында жұмыс жүргізетін лингвистикалық қызметтердің байырғы, мойындалған жеткізушісімен серіктестікті нығайтудың қисынды қадамы болды», — деп атап өтті Across Systems бас директоры Герд Янишевский (GerdJaniszewski).
«Біз Across компаниясымен серіктестігіміздің жаңа деңгейге шыққанына қуаныштамыз. Компаниямыз Across шешімдерін 12 жыл бойы белсенді қолданып келеді және Ресей мен ТМД елдеріндегі мойындалған сарапшы болып табылады. Across шешімдерін нарқымызда алға жылжытуға маңызды үлес қосатынымызға толықтай сенімдіміз» – деді Janus Worldwide бас директоры Константин Иоселиани.
Janus Worldwide компаниясы Across бағдарламасының ресми ресейлері ретінде әзірлеуші өнімдерін өз клиенттері мен серіктестеріне ғана емес, сондай-ақ барлық мүдделі тараптарға ұсынуға құқылы: ал компания клиенттері Across және Janus Worldwide компанияларының арасындағы бірлескен серіктестік іс-шаралары туралы бірінші болып білуге мүмкіндік алады.