Janus Worldwide аударма компаниясы 2018 жылдың 6-8 маусымы аралығында Варшавада өткен 37-ші Localization World конференциясына сәтті қатысып, өз стендісін, сондай-ақ конференцияның негізгі бағдарламасы аясында LSP (Language Service Providers/Лингвистикалық қызметтер жеткізушісі) блогындағы өзекті технологиялық тақырыпқа презентациясын ұсынды.
Аударма және локализация саласындағы көшбасшы —LocWorld конференциясына қатысу —Janus Worldwide компаниясы үшін жақсы дәстүрге айналды. Осы жылы барлық LocWorld конференциялары «Digital Transformation» («Цифрлық трансформация») ұранымен өтуде. Бұл жаһандық бизнеске едәуір әсер етіп отырған заманауи әлемнің жаңа реалийлерін: Интернет заттар, блокчейн, жасанды интеллект, деректердің үлкен көлемі және тағы басқаларды көрсетеді. Осы құбылыстардың аударма және локализация саласына тигізетін рөлі және оларды игілікке пайдалану жолдары — осы және басқа да сұрақтар осы жылғы конфернция шаралары аясында қарастырылуда.
Janus Worldwide техникалық директоры Дмитрий Уланов лингвистикалық қызметтерді жеткізу компаниялардың кірістілігін тиімді басқару мен арттыруға арналған LSP блогында, MicroTalks бөлігінің аясында AI Augmented Project Management тақырыбындағы презентациясын таныстырып, жобаларды басқару саласындағы жасанды интеллектінің қолданылуын ашты. Жобаларды басқару көптеген кезеңдерді, әсіресе шешімдер қабылдауды қажет етпейтін немесе оны статистикалық деректерді пайдалану негізінде тұспалдайтын кезеңдерді автоматтандыруға мүмкіндік береді. Мұндай жағдайда қарапайым жасанды интеллекті де көмекке келуі мүмкін. Өздігінен әрекет ету немесе жобалық менеджерге көмек көрсету арқылы ол нағыз ғажайыптай көрінеді. Дмитрий өз презентациясында жобаларды басқаруды автоматтандыруға арналған жасанды интеллектіні пайдаланудың дәлелдерін берді, сонымен қатар мұндай практиканың болашағы туралы ойларымен бөлісті. Тыңдаушылар уақытты үнемдеп, шығынды азайтуға мүмкіндік беретін автоматтандырудың нақты мысалдарымен танысты.
«Әдеттегідей, конференцияда саламыздың нағыз мамандары — аударма компаниялары мен технологиялық шешімдердің жеткізушілері, сондай-ақ аударма қызметтерін сатып алушылар жиналды. Инфожүйелерді интеграциялау мен жұмыс процестерін автоматтандыруға баса назар аударылды.
Көп жағдайда автоматизация деп тек машиналық аударма түсінілсе де, кейбір спикерлер басқа салалардан да хабардар етіп өтті. Мысалы, мәтін тақырыбын анықтау, нақты құжатқа оңтайлы аудармашыны іріктеу, статистика негізінде шешім қабылдау және т.б. — өзіміздің белсенді автоматтандыратын салаларымыз. Сонымен бірге бұрын автоматтандыру алгоритмдері кәдімгідей қарапайым болса, қазіргі кезде машиналық оқыту технологиялары, соның ішінде нейрондық, оның ішінде үйірткілі желілер кеңінен қолданылады.
Мұндай технологияларды пайдалану үшін компанияның техникалық ресурстары жеткілікті болуы керек. Сондықтан нарықтың технологиялық көшбасшылары мен баяғыша жұмыс істейтіндер арасындағы алшақтықтың ұлғаюы ықтимал», — деп атап өтті Дмитрий.
Компания осы жылғы конференция ұранына толық жауап беретіндей безендірілген стендісін көрсетті. Janus Worldwide мамандары келушілерге компанияның клиенттерге ұсынатын digital-маркетинг саласындағы кең қызметтер аясы туралы стендісі туралы айтып берді. Олардың ішінде транскреация, копирайтинг, дизайн қызметтері, email-маркетинг саласындағы кешенді шешімдер мен видеоконтент әзірлеу және т.б. бар.
Janus Worldwide сату жөніндегі директоры Стив Хиггинс іс-шарада екі күн болып, ағымдағы және ықтимал клиенттермен және серіктестермен сөйлесті. Janus компаниясы әзірлеген цифрлық маркетинг қызметтері мен технологиялық шешімдері стандартты ұсыныстардан ерекшеленіп, тиімді сөйлесуге мүмкіндік берді. Қатысушылар алдыңғы жылдарға қарағанда аз көрінгенімен, біз бірқатар құрылымдық кездесулер жасадық және осы іс-шараны сәтті өтті деп есептейміз.