2018 жылдың сәуірінде Janus Worldwide аударма компаниясы бақылау аудитінен сәтті өтіп, оның сапа менеджменті жүйесі ISO 9001:2015 халықаралық стандартының талаптарына толық сәйкес келетінін дәлелді.
Жаңа стандарт ISO стандартындағы клиентке бағытталған және бұрын интеграцияланған процестік тәсілмен, сондай-ақ PDCA басқару циклімен қатар, салыстырмалы түрде жаңа концепцияларды енгізеді, оның ішінде: тәуекел менеджменті, білімдерді басқару, өзгерістерді басқару (change management) және стратегиялық менеджмент.
ISO стандарты ұйымнан алғаш рет даму стратегиясының болуын талап етеді. 9001:2015 стандарты дәл осыдан басталып, «ұйымның стратегиялық бағытының» болу қажеттігін, сонымен қатар болжалды нәтижеге жетуге ненің әсер ететінін атап өтеді.
Стандарт сапа менеджменті жүйесінің ауқымдырақ әрекет ету саласын білдіретін «ұйым контексті» ұғымын енгізеді. Стандарттың жаңа нұсқасы ұйымдардан жүйеге және оның тұрақтылығына әсер ететін көптеген факторларды ескеруді талап етеді. Оның ішінде, ұйымдардың әрқайсысы дерлік қуатты, материалдар, сатып алуларды, қоршаған ортаны пайдалану және т.б. сияқты сыртқы факторларға тәуелді. Оған қоса сапа жүйесінің және жалпы ұйымның жұмысына ішкі орта (мысалы, корпоративтік мәдениет, ұйымдық тәртіп және басқалар) айтарлықтай әсер етеді. Бұлардың барлығы сапа жүйесін жоспарлау, жасау және жұмысы кезінде ескерілуі керек.
Жаңа стандарт басқарушы рөліне екпін береді. Осылайша, әзірлеушілер ұйым басшыларын сапа мәселелерін шешуге, жауапты қызметкерлерге қажетті өкілеттіктер мен тиісінше қолдауды қамтамасыз етуге барынша жұмылдыруға тырысады.
Компания қызметкерлері оның жетістігі мен бәсекелестік артықшылықтарын қамтамасыз ететін басты ресурс болып табылады. Басшы жай ғана әкімші емес, қызметкерлердің шығармашылық мүмкіндігін ашуға және барынша пайдалануға көмектесетін көшбасшы болуы керек.
Негізгі және аса маңызды өзгеріс жаңа нұсқаның қауіптерді бағалауды және осы бағалау нәтижелеріне негізделген шешімдер қабылдауды білдіруі болып табылады.
Тәуекел менеджменті шешім қабылдайтын тұлғаларға саналы таңдау жасауға, әрекеттер басымдығын орнатуға және тапсырмаларды шешу әдісін таңдауға көмектеседі. ISO 9001:2015 «тәуекелге бағытталған ойлау» тұжырымын алға тартады және тәуекел менеджменті әдістерін анық қолдануды қажет етеді. Нақты тәуекелді бағалау әдістемелерін таңдау құзыреті ұйымда қалады, бірақ мақсаттарға жетуді жоспарлау кезінде қауіптер мен мүмкіндіктерді бағалау қажет.
Біз ISO 9001:2015 стандартында көрсетілген шарттарға сәйкестігімізді растай алғанымызға қуаныштымыз. Компания бір орында тұрмай, серпінді дамуда, алдына өршіл мақсаттар қойып, өз қызметінің барлық көріністерін жақсартуды жалғастыруда, себебі кемелдіктің шегі жоқ, ал үздіксіз жетілу —Janus компаниясының негізгі құндылықтарының бірі.