21 және 22 наурызда Janus Worldwide аударма компаниясы ISO 9001:2015 (Сапа менеджменті жүйелері. Талаптар) халықаралық стандартына сәйкестігіне бақылау аудитінен сәтті өтіп, қолдағы сертификатының әрекет ету мерзімін создырды. Cертификаттаудың әрекет ету аясы аударма, локализация, беттеу және лингвистикалық консалтинг қызметтерін қамтиды.
Бақылау аудиті менеджмент жүйесінің аудит шарттарына және сәйкес заңнамалық, ведомостволық және шарттық талаптарына қаншалықты жауап беретінін анықтау және қойылған мақсаттарға тұрақты қол жеткізуге қатысты нәтижелілігін бағалау үшін жылына бір рет жүргізіледі.
Аудит нәтижелері мақсаттардың орындалғанын және компанияда ISO 9001:2015 халықаралық стандарт талаптарына сәйкес келетін жетілген, тиімді сапа менеджменті жүйесі (СМЖ) жұмыс істейтінін көрсетті. Аудит барысында атап өтілген Janus Worldwide компаниясының мықты қырлары арасында: қызметкерлер компетенциясының жоғары деңгейі, дамыған электрондық Janus ERP жүйесін пайдалану, көрсетілетін қызметтердің жоғары сапалы бақылау деңгейі, сонымен қатар машиналық аудармадан цифрлық маркетингке дейінгі жаңа жұмыс аяларын іздеу және игеру бар.
Janus Worldwide компаниясы қызметтің негізгі көрсеткіштерін және тұрақты көпқырлы жетілуді үздіксіз жақсартуға бағытталған. Біз халықаралық стандарттың барлық шарттарына сәйкестігімізді растағанымызға қуаныштымыз.