Наурыз айында Janus Worldwide клиенттері мен серіктестері үшін Partners’ Day шарасын өткізді. Мұндай кездесулер жақсы дәстүрге айналып үлгерді. Бұл жолы шара қаланың тамаша тарихи ауданы Замоскворечьеде орналасқан Janus Worldwide мәскеулік өкілдігінің жаңа үлкен кеңсесінде өтті.
Кездесуді компания президенті Константин Иоселиани ашты. Ол құттықтау сөзінен кейін салалық трендтер туралы көрсетілімді ұсынды. Константин аударма және локализация саласының бүгінгі үрдістері туралы айтып берді: бейне арқылы қашықтан ауызша аудару, бейне мазмұнды локализациялау, уберизация және цифрлық платформаларды белсенді қолдану, Follow-the-Sun («Күнмен бірге») өндірістік үлгісінің шеңберінде клиенттерді 24 * 7 * 365 режимінде қолдау, саладағы жаңа мамандықтарға (мысалы, инженер, сапаны басқару маманы, шешімдер архитекторы және т.б.) сұраныс, On Demand (келісілген сапа деңгейіндегі аудармаларды ең қысқа мерзімде қолайлы бағамен ұсыну) әдісін ендіру, аударма көлемінің геометриялық прогрессиямен өсуі, технологиялардың кең қолданылуы және т.б.
Janus Worldwide жоғары технологиялық компания бола отырып, уақыттан озуға және трендтерді өзі бастауға талпынатындықтан, өзінің жеке өнімін (GTP глобалдық технологиялық платформасын) жасап қана қоймай, оның жақсартылған жаңа GTP 2.0 нұсқасын да таныстырып үлгерді. Жобалар менеджері Дмитрий Криштопенко ол туралы егжей-тегжейлі айтып берді. GTP платформасы айтарлықтай жетілдірілді және бұрынғыдан да тезірек, сенімдірек және ыңғайлырақ, бұл тек басы ғана: алда әзірлеушілерді бұдан да жасампаз жоспарлар күтіп тұр (шараның қонақтары олар туралы бірінші болып білді).
Шақырылған сарапшы — Катя Костяна (Katya Kostyana), Across Systems GmbH компаниясының клиенттерді қолдау қызметінің мүшесі — өз көрсетілімінің шеңберінде кез келген кәсіпорын үшін Across бағдарламасының аударма жобаларын басқару құралы ретіндегі мүмкіндіктерін ашты. Ал 2018 жылы Janus Worldwide компаниясы Ресейде және ТМД елдерінде Across бағдарламалық шешімдерінің ресми реселлеріне айналған еді.
Janus Worldwide компаниясының бизнесті дамыту жөніндегі директоры Дмитрий Молодык өз сөзін цифрлық дәуірде маркетингтік стратегияны жүзеге асыру кезіндегі лингвистикалық қолдауға арнады. Дмитрий транскреациядан және SEO кілтсөздерін аударудан бастап копирайтинг пен дизайнға дейін компанияның осы салада ұсынатын кең ауқымды қызметтері туралы айтып берді, , сондай-ақ олардың бағасын белгілеуге және Janus Worldwide компаниясының шығын азайтушешімдеріне тоқтады.
Partners’ Day қонақтары әмбебап технологиялар мен бизнеске арналған шешімдер әлеміне нағыз саяхат жасады, әлбетте бұл жаңа қызық идеяларға шабыттандырды және жағымды эмоцияларды сыйлады. Баяндамалар арасындағы үзілістер кезіндегі араластық барлығымыз бір тілде сөйлейтінімізді және бір-бірімізді сөзсіз түсінетінімізді көрсетті. Біз мұндай жылы кездесулерге қуанамыз және келесі шараларымызға дайындықты шабытпен бастаймыз!