Janus Worldwide аударма компаниясы Nimdzi зерттеу компаниясы әзірлеген әлемдегі жүз ірі лингвистикалық қызметтер жеткізушісі рейтингіне кірді. The 2020 Nimdzi 100 рейтингінде компания 2019 жылдағы 25,4 миллион доллар табысымен 54-орын иеленді. Рейтингке соңғы қазыналық жылдағы барлық қызмет түрлерінен жиынтық табысы кем дегенде 10 миллион долларды құрайтын компаниялар қатысады.
Әлемдегі ең ірі жүз аударма және локализация саласы ойыншысының табысы 2018 жылдан 2019 жылға дейінгі аралықта 11,5 %-ға өсті. Бұл көрсеткіш алдыңғы кезеңмен салыстырғанда төмен: 2017 жыл мен 2018 жыл аралығындағы кезеңде табыс көлемі 17,5 %-ға артқан болатын. Мұның себебі көптеген салалар үшін «күту режимін» құруға көмектескен макроэкономикалық факторлар болды, соған қарамастан аударма және локализация саласы әлі де қалыпты қарқынмен өсуде. Алайда Nimdzi болжамы бойынша, келесі бірнеше жылдағы жылдық жиынтық өсу қарқыны баяулап, шамамен 6,2 %-ды құрайды.
2020 жылдағы саланың мөлшері 57 миллиард доллар деңгейінде бағаланады. COVID-19 жаһандық пандемиясынан бүкіл әлемде туындаған қиын экономикалық жағдайға қарамастан, сала дамуын жалғастырады. Nimdzi бас директоры Ренато Бенинаттоның (Renato Beninatto) пікірінше, аударма компаниялары үшін қиын жағдайда да жұмыс табылады: «Бизнес жақсы жүрген кезде, компаниялар келісім-шарттарды аудартады; ал бизнес нашар кезде, сот арыздарын аудартады».
Janus Worldwide сандық және сапалық жағынан өсіп, үздіксіз жетіліп, жаңа мүмкіндіктер іздеуді жалғастырады. Компания тұрақты дамуын көрсетуде және жеткен жеріне тоқтамақ емес: алда өршіл жоспарлар көп және команда оларды жүзеге асыру үшін барлық күшін салады. «Тұрақты болу және бизнесті дамыту —біздің даму стратегиямыздың негізгі бағыты. Бизнесте жеңу үшін, біз жұмыла отырып, жұмыс орнымызда жеңуіміз қажет», —деді Janus Worldwide президенті Константин Иоселиани.