Janus Worldwide аударма компаниясы аударма және локализация саласындағы мамандардың жас буынымен жұмыс істеуге ерекше көңіл бөледі. Компания Ресейдің жетекші оқу орындарымен ынтымақтастықты көптен бері табысты түрде жүзеге асырып келеді: оқу семинарларының және вебинарларының циклын өткізуден бастап жоғары оқу орындарындағы және олардың арасындағы конференцияларға және басқа іс-шараларға салалық сарапшылар ретінде қатысуға дейін. Жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық түрлерінің бірі – конкурстық іріктеуден сәтті өткен студенттерге компанияда өндірістік немесе дипломға дейінгі практикадан өтуге мүмкіндік беру. Өткен 2018/19 оқу жылында біз студенттердің кәсіби дайындық деңгейінің жақсарғанын және олардың құлшынысын байқадық. Сондай-ақ практикадан өту нәтижелеріне сай өздерін жұмысты шын жақсы көретін және жаңа нәрселерді үздіксіз үйренуге дайын нағыз кәсіпқой ретінде көрсеткендеріне компания қызметкерлері болуды қуана ұсындық.
Осы жазда өндірістік практикадан өту қорытындылары бойынша жыл сайынғы ең жақсы аударма конкурсында жеңіске жеткен және Janus Worldwide компаниясында жұмыс істеуге шақыру алған Санкт-Петербург мемлекеттік университетінің (СПбГУ) студенті Валерия Гусева өз әсерімен бөлісті: «практика қарқынды әрі қызықты өтті: мен түрлі тақырыптарда өз күшімді сынадым және көпшілігін өмірімде бірінші рет көрген аударма бағдарламаларында істедім. Тапсырмалар оңай бола бермейтін, бірақ қиындықтар туындаған жағдайда, мен жетекшіден, менеджерлерден, редакторлардан және басқа қызметкерлерден көмек сұрай алатынмын. Олар түсіндіруге және кез келген сұраққа жауап беруге әрдайым дайын тұратын. Әр күн қарқынды жұмысқа толы болды және Janus Worldwide компаниясындағы тәжірибе қажетті кәсіби дағдыларды шыңдау үшін шынымен пайдалы болды деп айта аламын. Мұнда өз әлеуетін жүзеге асырғысы келетін және тұрақты түрде жетілуге дайын мамандарды бағалайды. Практика барысында мен өзімді ең жақсы жағымнан көрсете алдым және машықтарымды Janus Worldwide компаниясында қолдануға болатынын дәлелдедім».
«Біз Валерия Гусеваны компанияның студенттер үшін жыл сайын өткізетін аударма конкурсы кезінде байқадық. Валерия «маркетинг» тақырыбындағы сынақтан өтті және оның аудармасы ең жақсы болып шықты (кейінірек практика барысында, Валерия конкурстағы жеңісі үшін сыйлық пен мақтау қағазын алды). Сондықтан біз Валерияны осы жылы практика өтушілердің арасында көргенімізге қатты қуандық. Валерия жұмысқа тез араласып кетті және бірқатар маркетингілік және косметикалық саладағы аудармаларды орындады, одан кейін біз оны тәлімгер Никита Осколковтың бақылауындағы Google бойынша негізгі тобымызға қостық. Тәлімгер мен редакторлар Валерияның сапалы жұмысын, оқуға талпынысын,мұқияттығын, жауапкершілігін, ең бастысы, қолдан үйрету мүмкін емес тілді сезу қабілетін атап өтті. Сондықтан Валерияның практикасы біте сала, біз оған Google жобасына және «косметика» тақырыбы бойынша штаттағы аудармашы қызметін ұсынып, әрі қарай осы жобалардың егжей-тегжейлерімен және жалпы аударма компаниясындағы жұмыспен көбірек таныстырғымыз келетінін түсіндік. Валерияның өзі қызметтестік ұсынысына мүдделі еді: биыл ол Санкт-Петербург мемлекеттік университетін (ағылшын тілінің филологиясы және аударма кафедрасы) бітірді. Практика жетекшісі Валерияға мінездеме бергеннен кейін бірнеше күннен соң оның бізге штаттағы қызметкер ретінде оралғанына екі жақ та қуанды», – деді Светлана Петрова, корпоративтік қызметтер бөлімінің (Corporate Services Department, CSD) жобалық тобының жетекшісі. Валерия оның жетекшілігімен практикадан өткен болатын.
Janus Worldwide командасы әрқашан практикант студенттерге өзінің бай кәсіби тәжірибесін беруге және шабыттандыруға талпынады. Компания бұл оларды таңдалған бағытта дамуға күш береді деп үміттенеді. Дарынды, жақсы дайындалған студенттер мен жақсы мамандар үшін есігіміз әрдайым ашық және соңғы уақытта олардың көбейіп келе жатқанына және Ресейдегі академиялық білім беру өте жоғары деңгейде екеніне қуаныштымыз.