Janus Worldwide аударма компаниясы CSA Research тәуелсіз зерттеу агенттігі (бұрын Common Sense Advisory ретінде белгілі) құрастырған мамандандырылған рейтингтеріне енді. Ағымдағы жылдың маусым айының соңында жарыққа шыққан жаңа рейтинг түрлері қаржы, құқық немесе өнеркәсіптік өндіріс пен технологиялар сияқты салаларда мамандандырылған негізгі лингвистикалық қызметтер жеткізушілерін (LSP) көрсетеді. LSP рейтингтерінің аясында 2018 қазыналық жылы нақты салаларда жұмыс істейтін компанияларға әртүрлі қызмет көрсетуден (көбіне профильді, ал жекелей —жазбаша және ауызша аударма қызметтері) алынған пайда мөлшері бойынша орындар берілді.
Janus Worldwide компаниясы мамандандырылған төрт рейтингке кіріп, көрнекі орындар иеленді:
- The Top LSPs Specialized in Technology: 2019 рейтингінде 9,44 миллион доллар кіріс мөлшерімен 10-орын;
- The Top LSPs Specialized in Manufacturing: 2019 рейтингінде 5,9 миллион доллар кіріс мөлшерімен 10-орын;
- The Top LSPs Specialized in Financial: 2019 рейтингінде 2,92 миллион доллар кіріс мөлшерімен 11-орын;
- The Top LSPs Specialized in Legal: 2019 рейтингінде 1,8 миллион доллар кіріс мөлшерімен 19-орын.
2018 жылы Janus Worldwide компаниясының жалпы кіріс мөлшері 23,6 миллион долларды құрады. Рейтингтерді жариялаған кездегі қызметкерлер саны 346 адамға жетті, ал компания өкілеттіктерінің саны 12-ні құрайды. Janus Worldwide саны жағынан ғана емес, сапасы жағынан да өсуде: жаңа технологиялар, әдістер мен шешімдер компанияға бүкіл әлем бойынша клиенттердің бейілділігін сәтті жаулап алуға мүмкіндік береді.