Janus Worldwide аударма компаниясы Мәскеу, Санкт-Петербург, Нижний Новгород және Томск қалаларындағы көшбасшы ЖОО студенттеріне арналған тәжірибеге бағытталған семинарлар циклін аяқтаған соң, көктемде дәстүрлі түрде өткізетін жын сайынғы үздік аударма сайысының нәтижелерін хабарлады. 2017/18 оқу жылында компанияның ЖОО-серіктестермен жаңа өзара қарым-қатынас форматы сәтті енгізілді: өзекті тақырыптарға арналып өткізілген вебинарлар сериясын студенттер мен оқытушылар жылы қабылдады. Бұл вебинарлар қатысушылар санынан ғана емес, трансляция барысындағы олардың қызығушылықтары мен ықыластарының жоғары көрсеткіштерінен байқалды. Вебинарлар циклінен кейін өткізілген үздік аударма сайысы 2017/18 оқу жылы аясындағы жоғары оқу орындарымен өткізілген жұмыстың логикалық соңы болды.
Үздік аударма сайысы негізінен бакалавриаттың төртінші курс және магистратураның бірінші және екінші курс студенттеріне бағытталды, алайда сайысқа аударма қызметін жақсы көретін және өз машықтары мен білімін көрсетуге ынталы бакалавриаттың бірінші, екінші және үшінші курс студенттері де шақырылды.
Біз тағы да көптеген сайыс жұмыстарын (90-нан аса) алдық және студенттердің осындай белсенділік пен ынта-жігер білдіргеніне қуандық (кейбір қатысушылар әртүрлі тақырыпқа қатысты бірнеше жұмыс орындады, бұл сайыс ережелеріне қайшы келмейді).
Құрамына аударма және локализация саласының сарапшылары —Janus Worldwide компаниясының қызметкерлері енген кәсіби жюри сайысқа жіберілген барлық жұмыстарды мұқият талдап, бағалады және келесі жеңімпаздарды анықтады:
- Патрикеева Виктория (ММУ), Economics тақырыбы;
- Леонид Лебедев (ММУ), IT тақырыбы;
- Богданова Ксения (СПбМУ), Games тақырыбы.
Біз жеңімпаздарды құттықтай отырып, таңдалған қызмет саласында сәттілік тілейміз. Жеңімпаздарды марапаттап, өндірістік тәжірибеден өтуге өз қалаларында орналасқан Janus Worldwide кеңсесіне шақырамыз. Тәжірибе барысында олар жоғары деңгейлі мамандар тобымен танысып, аударма үшін таптырмайтын бағдарламалар мен құралдарды игеріп, жаңа білім мен тәжірибе ала алады. Осы жолы жеңімпаздар қатарына кірмеген барлық сайыс қатысушыларын өз-өздерімен жұмыс істеуге, білімдерін толықтыруға, аудармашы үшін маңызды машықтарды игеруге және келесі жылы сайысқа міндетті түрде қатысуға шақырамыз.