20 сәуір күні Janus Worldwide аударма компаниясы клиенттерге арналған Partners’ Day іс-шарасын өткізді. Осы жылғы шара тақырыптардың алуан-түрлілігімен және ақпарат ұсыну форматымен ерекшеленді. Әйтсе де, дәстүрге сай компания өкілдері мен серіктестерінің асыға күткен кездесуі тату атмосферада өтті, сондай-ақ сапалы әрі өзекті сөз сөйлеу контенті кезекті «тартылыс ортасына» айналды.
Іс-шараны компания президенті Константин Иоселиани ашты, сөз сөйлеу кезінде Janus Worldwide компаниясының тарихындағы басты деректерді, компанияның жаһандық аренадағы рөлі (әлем бойынша 10-нан астам өкілдік) мен саладағы алар орнын (The Top 100 LSPs in 2017 және The Top LSPs In Western Europe in 2017 сынды ірі аударма компаниялар рейтингінің нәтижелеріне сүйенсек, Janus Worldwide компаниясы әлем бойынша 49-шы орын, Батыс Еуропада 11-ші орынға ие) тілге тиек етті.
Бизнесті дамыту жөніндегі директор Дмитрий Молодык «Аудармаларды GTP арқылы басқару: жаңа деңгейге көшу» тақырыбында сөз сөйледі. Дмитрийдің презентациясы көрнекті әрі интерактивті болды, өзіндік назар аудартатын визуалдылығымен ерекшеленді. Сондай-ақ қазірдің өзінде компания клиенттері қуатты тұстарына өз бағасын бере білген GTP (Global Technology Platform) жаһандық технологиялық платформалар компоненттерімен жұмыс істеудің қолайлылығын бейнеконтентпен көрсете білді. Дмитрий платформаның әрбір компоненті (Janus Connect, Janus Dashport, Janus Express, Janus Termcheck және Janus Perfect) жөнінде толық мәлімет бере отырып, клиент үшін оны қолданудағы басты артықшылықтарына жан-жақты тоқталып өтті. Оның ішінде жұмыс жасау және ақпаратты сақтау қолайлылығы, бақылау, жылдамдық, терминологияның нақтылығы және жоғары сапа ─ GTP платформасын күнделікті мәселелердің шешімін табуда таптырмас көмекшіге және компаниямен өзара әрекеттесудің жаңа деңгейіне өтудің бірден-бір жолына айналдырады.
Негізгі клиенттер жөніндегі директор Наталья Рудинскаяның «Бейнені локализациялау туралы: бір бейнероликтің тарихы» тақырыбындағы презентациясы да ақпарат айрықша ұсыну форматымен ерекшеленді. Наталья меймандармен әріптестерінің бейнематериалдарды локализациялау жобалары барысында тап болатын әдеттегі мәселелерін бөлісті.
Бір қарағанда аса қиын көрінбейтін кей жұмыстар әлдеқайда күрделі болып шығуы ықтимал және менеджер мәселені шешуге бірқатар мамандарды: шифр айырушы, аудармашы, редактордан бастап, корректор, диктор және инженерге дейін жұмылдырады. Түпкі мақсатқа жету жолында клиенттің талабына сай қосымша мәселелер туындауы мүмкін. Әйтсе де, Janus Worldwide кәсіби мамандарының ұжымы мол тәжірибе, жоғары кәсіби деңгей, жауапкершілік, әрбір жұмысқа егжей-тегжейлі назар аудару және өз ісіне деген шынайы сүйіспеншілік пен адалдығының арқасында клиентті 100% -ға қанағаттандыра алатындай нәтижеге қол жеткізе алады.
Шара «Ірі іс-шараларды лингвистикалық сүйемелдеу ерекшеліктері» тақырыбындағы панельдік пікірталаста жалғасты. Сарапшы ретіне «Ресей-2018» ұйымдастыру комитетінің лингвистикалық қызмет көрсету бөлімінің басшысы Андрей Моисеев сөз сөйледі. Ауызша жобалар бөлімінің басшысы Людмила Миловидова өз кезегінде Андрей Моисеевке қызықты әрі өзекті сұрақтар қою арқылы пікірталасты қыздыра түсті. Тыңдаушылардың сұрақ қою белсенділігіне қарап талқылау форматының тыңдаушылар тарапынан қызығушылыққа ие екендігін айқын аңғаруға болады.
Дизайн, беттеу және баспа бөлімінің басшысы Анастасия Богатова қатысушыларға клиенттерге әрдайым жоғары кәсіби деңгейде көрсетілетін дизайн қызметтері туралы әңгімелеп берді. Дизайн, беттеу және баспа бөлімі жоғары білікті және мол тәжірибелі 30 маманнан тұрады. Бағдарламалық құралдардың сан-алуандығы кез-келген жұмысты клиент талабына сай, сәтті орындауға мүмкіндік береді. Баяндама барысында Анастасия әріптестері орындаған дизайн, кәдесый және полиграфиялық өнімдер өндірісі, веб-жарнама, сыртқы жарнама және тағы басқа көптеген қызметтердің портфолиосын ұсынды. Компания мамандары тапсырыс берушінің талаптарына қарай корпоративтік материалдар пакетін нөлден бастап әзірлеуге немесе компанияның бренд-кітаптары арқылы жұмыс атқаруға әзір. Аударма компаниясымен серіктесу аясында дизайн, беттеу және басып шығаруды қамтитын кешенді қызмет түрлерін алу клиенттерге уақытын, күшін және қаражатын едәуір үнемдеуге мүмкіндік береді.
Кофе-брейк барысында қатысушылар бейресми жағдайда сөйлесіп, басшылардың баяндамалары жөнінде пікір алмасты және қызықтырған сұрақтарды талқылады. Дәстүрлі Partners’ Day іс-шарамызға қатысушыларға алғысымызды білдіре отырып, клиенттермен кезекті кездесулерді асыға күтетінімізді жеткіземіз!