Чехияның Брно қаласында орналасқан Janus Worldwide өндірістік кеңсесі өзінің төртінші туған күнін атап өтті. Брнодағы кеңсенің ашылуы Janus Worldwide ұжымының Follow-the-Sun (Күннің ізімен жүру) өндірістік моделін жаһандық дамыту және сәтті ендіру стратегиясын ендірілмелі жүзеге асыру жолындағы маңызды қадам болды. Бүгінде Брнодағы өкілдік Janus Worldwide тіл сараптамасы мен бизнесті дамыту орталығы болып табылады, ал компания клиенттеріне 24/7 режимінде жан-жақты лингвистикалық қолдау көрсетілуде.
“Бұл алға басқан нақты қадам болды!” – деген пікірмен бөлісті Брно өкілдігінің басшысы Олексий Пономарев. —Орталық және Батыс Еуропа алдымыздан көптеген мүмкіндіктер ашуда, ал біздің міндетіміз — сапалы нәтижелерді қамтамасыз ету мақсатында тиімділік пен өнімділіктің белгіленген стандарттарын қолдау болмақ. Брно өкілдігіндегі ұжымымыз ұлғаюда. Қазіргі уақытта шамамен 30 адамды құрайды. Клиенттер тарапынан біздің қызметімізге деген сұраныстың өсуіне байланысты талантты мамандарды шақыра отырып, қызметкерлер штатын үнемі кеңейтудеміз”.
Ашылған мерзімінен бастап Брнодағы компания өкілдігі бүкіл әлем бойынша көптеген корпоративтік клиенттерге аударма және лолизация саласындағы (оған қоса басқа да) қызметтердің кең ауқымын ұсынады, оның ішінде American Golf, Fujitsu of Europe, Toshiba, Hilton Worldwide және тағы басқалар бар.
Janus Worldwide президенті Константин Иоселиани “Біз клиенттеріміздің қажеттіліктерін толық қанағаттандыру және компанияны жаңа деңгейге шығару мақсатында қызметімізді үнемі жетілдіру тәсілдерін іздеу үстіндеміз. Мен Брно өкілдігіндегі ұжымның компания дамуына қосқан үлесін жоғары бағалаймын. Janus Worldwide компаниясының жетістіктері командамыздың әр мүшесінің дарынды және өз ісіне берілген кәсіби мамандардың бірлескен күш-жігерінің нәтижесі екеніне сөзсіз сенеміз” деп атап өтті.
Еуропадағы тіл қызметтерінің саласы үлкен әлеуетке ие. Janus Worldwide The Top LSPsin Western europein 2019 (CSA Research) рейтингінде 8-ші орынға ие және осы жетістікпен ғана шектелмей, өз мамандарының біліктілігін мейілінше арттыра отырып, клиенттер сеніміне кіруді мақсат еткен.