Шілде айының басында Janus Worldwide компаниясы SCHEMA компаниясының, тиісінше, оның клиенттерінің аударма қызметтерін сертификатталған жеткізушісі атанды. Бұл статус Janus Worldwide мамандары арнайы квалификацияға ие екендігін және барлық қажетті ерекшеліктері мен нюанстарын ескере отырып, SCHEMA клиенттеріне аударма қызметтерін тиімді ұсынуға мүмкіндік беретін оқудан өткендігін куәландыратын сертификатпен расталған.
1995 жылы негізі қаланған және 130-дан маманы бар SCHEMA компаниясы 20 жылдан астам уақыт бойы ақпараттық логистикаға арналған жоғары дәрежеде тиімді шешімдерді әзірлеп, сатумен айналысады. 540-тан астам клиенттің қолдауымен контентті басқаратын SCHEMA ST4 басқару жүйесі және SCHEMA CDS контентті жеткізу сервері техникалық құжаттаманы әзірлеуге модульдік әдістің кеңінен қолданылатын жүйелері қатарында. Олар өнім туралы ақпаратты жасау, нұсқаларды, аударманы басқару, сапаны, жариялымды және таратуды басқарумен байланысты міндеттердің кең ауқымын шешуге мүмкіндік береді. Жүйелер машина жасау, автомобиль құрастыру, ақпараттық технологиялар, электроника, медициналық техника және фармацевтика сияқты әртүрлі салаларда қолданылады. ABB, Bentley, Bosch, General Electric, Miele, Philips, Roche сияқты компаниялар SCHEMA жүйелерінің белсенді пайдаланушылары болып табылады.
Біз SCHEMA компаниясымен серіктестік орнатқанымызға қуаныштымыз және оның жемісті болатынына сенімдіміз. Біздің мамандарымыз әр алуан салаларда, тематикаларда және тілдердің кең ауқымымен жұмыс істейді. Әр аудармашының өз саласында білімі терең, сонымен қатар ой-өрістерін үздіксіз дамытып отырады және жаңашыл құралдарды меңгереді — мұның барлығы клиенттің барлық талаптарын сақтай отырып, аударманы жоғары деңгейде орындаудың кепілі.